Galaxy GL2619 [15/18] Кәдеге жарату

Galaxy GL2619 [15/18] Кәдеге жарату
15
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KZ
ПІСІРУ ҮШІН ТҰМПАПЕШТІ ҚОЛДАНУ:
1. Тұмпапешті температураны реттегішті қажетті мәнге (250°С) орната отырып
және таймердің көмегімен қажетті уақытты таңдай отырып 15 минут бойы 250°С
температурасында қыздырыңыз,
2. Өнімдерді торға немесе қаңылтыр табаға орналастырыңыз.
3. Температураны реттегіштің көмегімен қалаулы дайындау температурасын орнатыңыз
және өнімдер салынған торды немесе қаңылтыр табаны тұмпапештің орта деңгейіне
орнатыңыз. Егер Сіз торды қолдансаңыз, қаңылтыр табаны оған тордан сұйықтық
ағатындай етіп төменгі деңгейге орнатыңыз.
4. Дайындау аяқталғаннан кейін таймерді «АЖЫР» күйіне ауыстырыңыз, сол арқылы
оны сөндіріңіз.
5. Торды немесе қаңылтыр табаны алып шығу үшін тұтқыштарды қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
САҚТАУ, ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Құралды құрғақ, балалар мен жануарларға қолжетімді емес жерлерде сақтау керек.
- Тазалау алдында электр құралын желіден ажыратыңыз және оны әбден суытыңыз.
- Электр құралының корпусын дымқыл матамен сүртіңіз және құрғатыңыз.
- Тұмпапештің ішкі қабырғалары мен есікшесін дымқыл ысқышпен немесе матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз. Тұмпапештің ішкі қабырғалары мен
есікшелері тым қатты ластанған жағдайда аздаған мөлшердегі жуғыш құралды
қолданыңыз, содан кейін оны ластанғандармен бірге дымқыл матаның немесе
ысқыштың көмегімен әбден сүртіп кетіріңіз және құрғатып сүртіңіз.
- Керек-жарақтарды (ұстағышты, қаңылтыр табаны және торды) ыстық суда жуғыш
құралды қолданумен жуыңыз. Керек-жарақтар ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға
жарамды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын тазалау үшін қажағыш тазатқыш құралды,
металл шөткені немесе электр құралының және керек-жарақтардың жабындарын
бүлдіруі мұмкін басқа да заттарды қолданбаңыз
!
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Міндетті түрде
авторландырылған сервистік орталыққа баруды ұсынамыз.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана тасымалдау керек
болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген температурада сақтаудан
кейін оны бөлме температурсында кем дегенде екі сағаттай ұстау қажет.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян келтіреді. Ақаулы
құралдарды, сонымен бірге қуат берудің пайдаланылған элементтерін тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған құралдарды
кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық құралдар мен пайдаланылған қуат беру
элементтерін қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттерінің мекен-жайларын Сіз өз қалаңыздың
муниципалдық қызметтерінен ала аласыз.
Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как в ней готовить курицу?
6 лет назад

Ответы 0

Какая марка тена
1 год назад