Polaris PES 0504 [20/26] Екі доңғалақты электр құрылғыны пайдалану

Polaris PES 0504 [20/26] Екі доңғалақты электр құрылғыны пайдалану
20
Өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғыны жинап тастау үшін
бір мезетте құрылғыдағы оның тоқтатқыш иінтірегін басыңыз, сонымен бірге
құралдың меңгерігін сәл басып, оны алға қарай қозғалыс бағытына қарай
итеріңіз – иінтірегін көрсеткіш оқ белгісінің бағыты бойынша еркін жылжытыңыз.
Электр-құрылғыны бүктемелеп жинанңыз. Иінтірегін жылжыту барысында оны ең
соңына дейін жылжытқан кезде тағы бір рет сарт еткен шертпек дыбыс естіледі,
сол кезде өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғы сақтау және
тасымалдау қалыпта болады.
Құралдың меңгерігіне тұтқаларын орнату үшін (3 суретте
көрсетілгендей) құралдың меңгерігіне тұтқаларын көрсеткіш оқ белгісінің бағыты
бойынша бұрау қажет. Тұтқаларын жақсылап бұрап орнатыңыз, олар мықтылап
бұралуы қажет, яғни олар өздігінен бұралып, босап қалмайтындай етіп бұрап
тастау керек.
Назар аударыңыздар! Құралдың меңгерігіне тұтқаларын орнатпас бұрын, оның
қайсысы сол және оң тұтқасы екенін, олардың бұрандаларының бағыты бойынша
айқындап алыңыз. Есіңізде болсын, оң жақты тұтқасында (екі доңғалақты электр-
құрылғының қозғаласы бойынша) сол бұранда,яғни оны бұраған кезде ол сол жаққа
айналып бұралуы керек , ал сол жақты тұтқасында оң бұранда, ол оң жаққа бұралатын
бұранда екенін ескеріңіз.
Өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғыны алғашқы рет
пайдаланар алдында, оның аккумуляторын толық зарядтап алу қажет. Электр-
құрылғыда зарядтау порты оның тіректік алаңшасында, екі доңғалақты электр-
құрылғының қозғалас бағыты бойынша қарағанда, сол жағында орналасқан (4-
Суретте көрсетілген қараңыз). Зарядтау порттағы оның қорғағыш қақпақшасын
ажыратып алыңыз, зарядтау портына зарядтау құрылғысының зарядтағыш сымын
жалғастырыңыз, содан кейін зарядтау құрылғыны электр ашалы розеткаға
жалғастырып, қосыңыз. Зарядтау индекаторы аккумулятор толық
зарядталмағанша қызыл түсті болып жанып тұрады, аккумулятор толығымен
зарядталып болған соң зарядтау индекаторы жасыл түсті болып жанады.
ЕКІ ДОҢҒАЛАҚТЫ ЭЛЕКТР-ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғыны іске қосу/сөндіру
Өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғыны іске қосу немесе сөндіру үшін оның ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ
батырмасын басыңыз. Егер электр-құрылғымен (5 минуттан астам уақытқа дейін) пайдаланбасаңыз, ол өздігінен
автоматты түрде сөнеді.
Электр-құрылғының қозғалыс режимін орнату
Екі доңғалақты электр-құрылғыны іске қосқан соң, электр-құрылғы әдепкі қалпы бойынша алдын ала белгіленген
бастапқы болып табылатын «Төменгі максималды жылдамдық» режимінде (15 км/сағ дейін шектелген)
жылдамдықта қозғала бастайды. Сол сәтте электр-құрылғыдағы СК-дисплейдің бетінде «Төменгі максималды
жылдамдық» режимнің индекаторы жанып тұрады. Екі доңғалақты электр-құрылғының жылдамдығын жоғары
максималды (25 км/сағ дейін шектелген) жылдамдық режиміне ауыстыру үшін ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасын
жылдам (1 сек ішінде) екі рет басыңыз, электр-құрылғыдағы СК-дисплейдің бетінде «Жоғары максималды
жылдамдық» режимнің индекаторы жанады. Егер электр-құрылғының жылдамдығын қайтадан төменгі
максималды жылдамдық режиміне ауыстыруға қажет болса, жоғарыда көрсетілгендей тура сол жолмен
әрекеттерді қайталаңыз.
Электр-құрылғының бағамдық СК-шамын іске қосу және сөндіру
Бағамдық жарықдиодттық шамын іске қосу немесе сөндіру үшін құрылғыдағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасын
басып, екі доңғалақты электр-құрылғы іске қосылу күйінде болуы қажет.
Батареядағы қалдық зарядын анықтау
СК-дисплейдің сол жағында батареядағы қалдық зарядын корсететін индекаторы орналасқан. Батарея зарядының
күйіне сәйкесінше бес көлденең сызық батарея максималды зарядталғанын білдіреді, ал бір сызық батареяның
заряды ең төмен деңгейге жетті дегенді білдіреді. Батареяның заряды ең төмен деңгейге дейін жеткен жағдайда,
2-Сурет.
3-Сурет.
4-Сурет.

Содержание

Скачать