Samsung RT38FDACDEF [46/64] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung RT38FDACDEF [46/64] Қауіпсіздік туралы ақпарат
02_
қауіпсіздік туралы ақпарат
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық
регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің
қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын
және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің
қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді.
Символ сандық код және/немесе әріп белгілері
түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны іске қосқанға дейін мына
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Бұл құрылғыны осы қолдану нұсқаулығында
сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз.
Бұл құрылғыны мүмкіндігі шектеулі, көру
қабілеті нашар немесе ақыл-ойы жетіспейтін
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
(балаларды қоса), қауіпсіздігіне жауап беретін
адамның бақылауынсыз немесе жетекшілігінсіз,
пайдалануға болмайды.
Бұл нұсқаулықтағы ескертулер мен маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары болуы мүмкін барлық
жағдайларды қамтымайды.
Құралды орнатқанда, жөндегенде немесе
қолданғанда абай болу өзіңіздің жауапкершілігіңіз.
Бұл нұсқаулық бірнеше үлгіге арналған,
сондықтан тоңазытқышыңыздың сипаттамасы осы
нұсқаулықтағы сипаттамадан өзгеше болуы мүмкін.
R-600a немесе R-134a үлгілері салқындатқыш
ретінде қолданылған. Тоңазытқышқа
пайдаланылған салқындатқыш құралды көру
үшін құрылғының артындағы компрессор
жапсырмасын немесе тоңазытқыштың ішкі
жағындағы сипаттамалық тақтаны қараңыз.
Бұл бұйымда тез тұтанатын газ (R600a
салқындатқыш құралы) болғанда, бұл бұйымды
қоқысқа қауіпсіз тастау үшін жергілікті билік
органына хабарласыңыз.
Тоңазыту жүйесінде жылыстау орын алған
жағдайда тез тұтанатын газ бен
ауаның
араласуына жол бермеу үшін, құрылғы
тұрған бөлменің көлемі пайдаланылатын
салқындатқыш құралдың мөлшеріне
байланысты болады.
Бүліну белгілері байқалса, тоңазытқышты
қолданбаңыз. Егер күмәніңіз болса, сатушымен
хабарласыңыз.
Құралдың ішіндегі R-600a салқындатқышының
әр 8 грамына бөлме өлшемі 1 м³ болуы тиіс.
Салқындатқыш көлемі құралдың ішіндегі
анықтау тақтасында жазылған.
Түтіктен аққан салқындатқыш көзді күйдіруі
немесе жарақаттауы
мүмкін. Салқындатқыш
түтіктен аққан жағдайда, ашық жалын
көздерінің болмауын қадағалаңыз және
тұтанғыш заттарды құрылғыдан алыс ұстаңыз,
бөлмені бірден желдетіңіз.
Орындамау салдарынан өрттің шығуы немесе -
жарылыс болуы мүмкін.
Маңызды қауіпсіздік таңбалары мен
сақтық шаралары:
ЕСКЕРТУ
Күрделі адам жарақаты немесе өлімге
себеп болуы мүмкін
қауіп-қатерлер
немесе қауіпті әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл адам жарақаты немесе мүлктің
бүлінуіне себеп болуы мүмкін
қауіп-
қатерлер немесе қауіпті әрекеттер.
Әрекет ЖАСАМАҢЫЗ.
Бөлшектеуші БОЛМАҢЫЗ.
ҰСТАМАҢЫЗ.
Нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Электр сымын ток көзінен суырыңыз.
Ток соқпау үшін құрылғының жерге
тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
Көмек алу үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Назар аударыңыз.
Бұл ескерту белгілері өзіңіздің және басқалардың
жарақаттануын болдырмау үшін берілген.
Оларды мұқият орындаңыз.
Бұл бөлімді оқып шыққан соң, кейін қолдану
үшін оны қауіпсіз жерде ұстаңыз.
CE мәлімдемесі
Бұл өнім Еуропа Одағының 643/2009 (ЕС)
ережесі бойынша қабылданған төмен кернеу
нұсқаулығына (2006/95/EC), электромагниттік
үйлесімділік нұсқаулығына (2004/108/EC), нөмірі
1060/2010 Комиссия Ережесіне (ЕО) және эко-
дизайн нұсқаулығына (2009/125/EC) сәйкес болып
табылады.
(Европа елдерінде сатылатын өнімдер үшін ғана)
қауіпсіздік туралы ақпарат
DA68-02832M(0.0).indb 02DA68-02832M(0.0).indb 02 2012.12.1 9:25:28 AM2012.12.1 9:25:28 AM

Содержание

Скачать