Electrolux EC 2233 AOW1 [8/48] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Electrolux EC 2233 AOW1 [8/48] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
6.5 Тағам сақтауға арналған себеттер
AB
Себеттерді мұздатқыштың (А) үстіңгі жиегіне
іліңіз немесе мұздатқыштың ішіне (В)
қойыңыз. Осы екі орындағы тетіктерді суретте
көрсетілгендей бұрап қатайтыңыз.
230
200
946 1061
1201
1336 1611
Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі кіреді.
Келесі суреттерде мұздатқыштың әр түрлі
үлгілерінің ішіне қанша себет салуға
болатыны көрсетілген.
Қосымша себеттерді жергілікті қызмет көрсету
орталығынан сатып алуға болады.
6.6 Астыңғы пластик бөлгіш
Осы астыңғы пластик бөлгіштің көмегімен
компрессордың үстіндегі орынды тиімді
пайдалана аласыз. Бөлінген орындарға
кішкене орамдардағы тағамдарды оңай
табылатын етіп салуға болады.
Бөлгішті сонымен қатар мұздатқышты
жібіткен кезде науа ретінде де
қолдануға болады.
7. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
7.1 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
7.2 Мұздатылған тағамды сақтау
бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
8
www.electrolux.com

Содержание