LG 42LM340T [66/124] Орнатупроцедурасы

LG 42LM340T [66/124] Орнатупроцедурасы
12
ҚҚ

ОРНАТУ ПРОЦЕДУРАСЫ / ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

y
Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
y
Теледидардың экрандық дисплейі нұсқаулықта көрсетілгеннен сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
y
Бар мәзірлер мен опциялар сіз қолданатын кіріс көзінен немесе өнім үлгісінен өзгешелеу болуы
мүмкін.
y
Болашақта бұл теледидарға жаңа мүмкіндіктер қосылуы мүмкін.
y
Тұтынылатын қуат мөлшерін азайту мақсатында теледидарды күту режиміне қоюға болады.
Егер біраз уақыт қарамайтын болса, теледидарды өшіріп қою қажет. Бұл тұтынылатын қуат
мөлшерін азайтады.
y
Кескін жарқындығының деңгейі төмендетілсе, қолданыс үстінде тұтынылатын қуат мөлшері
айтарлықтай азайып, бұл өз ретінде жалпы қуат ақысын азайтады.

1 Буманы ашып, барлық қосалқы құралдар қамтылғанын тексеріңіз.
2 Тіректі теледидарға бекітіңіз.
3 Сыртқы құрылғыны теледидарға жалғаңыз.
4 Желілік қосылым қол жетімді екенін тексеріңіз.
Теледидардың желі функцияларын тек желіге қосылғанда пайдалануға болады.


Өнімнің қорабында төмендегі заттардың бар екенін тексеріңіз. Кейбір қосалқы құралдары жетіспесе,
өнімді сатып алған жергілікті дилерге хабарласыңыз. Нұсқаулықтағы суреттер өнімнің және бірге
берілген заттардың нақты түрінен өзгеше болуы мүмкін.

y
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өнімнің жұмыс мерзімін арттыру үшін, мақұлданбаған өнімдерді
пайдаланбаңыз.
y
Мақұлданбаған өнімдерді пайдаланудан туындаған зақымдар немесе залал кепілдікке кірмейді.
y
Кейбір модельдердің экранына жұқа қабат бекітілген және оны алып тастау керек.

y
Өніммен бірге берілген заттар оның үлгісіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
y
Өнім сипаттамалары немесе осы нұсқаулықтың мазмұны өнім функцияларының жетілдірілуіне
байланысты алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
y
Оңтайлы байланыс болу үшін, HDMI кабельдері және USB құрылғылары ұштарының
қалыңдығы 10 мм-ден және ені 18 мм-ден аспауы керек. USB кабелі немесе USB жад картасы
теледидардың USB портына сай келмесе, USB 2.0 қолдайтын ұзарту кабелін пайдаланыңыз.
A
B
A
B
*A
<
=
10 мм
*B
<
=
18 мм

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как настроить тюнер?
6 лет назад