LG 55SJ950V Серебристый [16/55] Қазақстан

LG 55SJ950V Серебристый [16/55] Қазақстан
LG Electronics кепілдемесі төмендегі шарттар мен талаптарда көрсетілген тегін жөндеу немесе
ауыстыру қызметтерін ұсынады. LG Electronics кепілдемесі сатып алушының заңды құқықтарына
əсер етпейді. Бұл кепілдеме тек қана өнімнің бастапқы сатып алушысы үшін жəне сатып алған
елде ғана жарамды.
LG Electronics кепілдемесін қолдануды қаласаңыз, титулдық бетте көрсетілген LG Electronics
компаниясының Тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе сатушыға хабарласыңыз.
Кепілдеме шарттары мен талаптары
LG Electronics кепілдемесі бөлшектер мен өндіруші кемшіліктерін қамтиды. Сəйкесінше дұрыс қолданбау,
дұрыс реттемеу, дұрыс калибрлемеу жəне дұрыс орнатпау нəтижесінде туындаған барлық басқа
кемшіліктер мен зақымдар, пайдаланушы нұсқаулығын орындамау нəтижесінде туындаған ақаулықтар,
сондай-ақ сыртқы факторлар, косметикалық зақымдар мен қалыпты тозу əрекеттері кепілдемеде
қамтылмайды.
LG Electronics кепілдемесі сатып алған күні басталады жəне тек LG Electronics кепілдемесінің мерзімі
кезінде шағымданған бөлшектер мен өндіруші зақымдарын қамтиды.
LG Electronics кепілдемесі сатып алу құжатының түпнұсқасы (қолмен жазылған емес) көрсетілгеннен
кейін ұсынылады.
LG Electronics кепілдемесі сериялық нөмірін қолдан жасау немесе алып тастау, қайта өндіру немесе
тұтынушы өнімін кəсіби қолдану, LG Electronics компаниясының өкілетті емес маманы орындаған
ауыстыру немесе жөндеу жұмысынан кейін жарамсыз болады.
Жөндеу немесе ауыстыру туралы шешімді тек қана LG Electronics компаниясы қабылдайды.
Ауыстырылған бөлшектері мен құралдары LG Electronics компаниясының жекеменшігі болып табылады.
Жөндеу немесе ауыстыру жұмыстарынан басқа шығындар LG Electronics кепілдемесімен қамтылмайды.
LG Electronics компаниясы бағдарламалық құрал немесе мəліметтерді тасымалдаушының жоғалуы
немесе зақымдалуы үшін жауапты емес.
Ауыстырылатын қосалқы бөлшек бірліктері жəне жөнделетін қосалқы бөлшектер жаңа немесе өндіруші
зауытымен қайта өңделген болуы мүмкін.
Өнімдер
Кепілдік
мерзімі
Тегін Сервистік
қызмет көрсету
мерзімі *
Қызмет ету
мерзімі
Теледидар 1 жыл 2 жыл 7 жыл
Видеоойнатқыш 1 жыл - 5 жыл
Аудиоойнатқыш 1 жыл - 7 жыл
Монитор (Cloud) 3 жыл - 7 жыл
Монитор 2 жыл - 7 жыл
* Тегін жөндеу жұмыстары мен ақауы бар бөлшектерді тегін ауыстыру кіреді. Тегін сервистік қызмет
көрсету мерзімі тауар тұтынушыға сатылған мерзімнен бастап саналады.
Тауар сапасы жөніндегі шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайтын, жөндеу жəне техникалық қызмет
көрсететін ұжым: АҚ «Эл Джи Электроникс Алматы Казақстан», 050061, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Көкорай көшесі, 2А/9.
ҚАЗАҚСТАН
5
Назар аударыңыз! Кепілдік талоны титулдық бет пен купондарда сатушының мөрі болған
жағдайда ғана жарамды болып табылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать