Hotpoint-Ariston 961 TS/IX/HA [17/21] Ақаулықтарды жою
![Hotpoint-Ariston 961 TS/IX/HA [17/21] Ақаулықтарды жою](/views2/1357788/page17/bg11.png)
KZ
17
• Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін
штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
• Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар (Техникалық
қызмет көрсетуді қара).
• Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру
панелінің шыны қақпағын (егер ол болса) жаппаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері
төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен
хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға,
кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші
болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесі арқылы басқарылуға арналмаған.
Жою
• Орауыш материалды жойған кезде: орауышты қайта пайдалануға
болатындай етіп жергілікті заңнаманы ұстаныңыз.
• Жарамсыз электрлік және электрондық жабдық бойынша (WEEE)
2002/19/EU Еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды
қалыпты сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс құбырына жоюды талап
етеді. Ескі құрылғылар ішіндегі материалдардың қалпына келтірілуін
және қайта өңделуін оңтайландыру және адам денсаулығы мен
қоршаған ортағы әсерін азауту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау
ұсынылады. Өнімдегі үсті сызылған «қоқыс себеті» белгісі құрылғыны
жойған кезде бөлек жинау қажеттілігі туралы ескертеді.
Тұтынушылар өзінің ескі құрылғыларын жою туралы мәліметтер алу
үшін жергілікті үкіметке не делдалға хабарласуы керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын
кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз
дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.
• Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.
• Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам
дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам
қайнатқышты қолданыңыз.
Тасымалдау және сақтау.
• Пісіргіш панельдерін түпнұсқа орауыш ішінде көлденең күйде
тасымалдау керек.
• Тасымалдау және сақтау кезінде пісіргіш панельдерін атмосфералық
әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.
• Панельді жылытылмаған бөлмеде минус 50°С және плюс 40°С
температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек.
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Конфорка бетін тазалау
• Барлық эмаль жағылған және әйнек бөліктер жылы су және
нейтралды тазалағыш затпен тазалануы тиіс.
• Тат баспайтын болат беттер тым ұзаққа жанасып қалса, әкті су
немесе қатты тазалағыш заттармен кірленуі мүмкін. Кез келген тағам
қалдықтары (су, тұздық, кофе, т.б.) құрғатылуына дейін тазалануы
тиіс.
• Жылы су және нейтрал тазалағыш затпен тазалаңыз және кейін
жұмсақ матамен немесе күдерімен құрғатыңыз. Қатып қалған кірді
тат баспайтын болат беттерге арналған тазалағыштармен тазалаңыз.
• Tат баспайтын болатты тек жұмсақ мата немесе сүлгімен тазалаңыз.
• Қатты немесе күйдіргіш өнімдерді, хлор негізіндегі тазалағыштарды
немесе металл ысқыштарды пайдаланбаңыз.
• Бу тазалағыштар құралдарды пайдаланбаңыз.
• Жанғыш өнімдерді пайдаланбаңыз.
• Сірке суы, қыша, тұз немесе лимон шырыны сияқты қышқылды
немесе сілтілі заттарды плитада қалдырмаңыз.
Конфорка бөліктерін тазалау
• Торталар, конфорка қақпақтары және конфоркалар тазалану үшін
алынуы мүмкін.
• Оларды кез келген тағам қалдықтарын алып, конфорка
саңылауларының бітелмегенін тексере отырып қолыңызбен жылы
суды және ысқыш емес тазалағышты пайдаланып тазартыңыз.
• Шаю және құрғату.
• Конфоркалар мен конфорка қақпақтарын тиісінше сәйкес орындарына
қайта орнатыңыз.
• Торларды ауыстыру кезінде табақтар орнатылатын аймақ
конфоркамен сәйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.
• Электрлік оталдыру қосқыштары және қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған үлгілер тиісінше жұмыс істеуі үшін, тұтқаларының
шеттері толығымен тазалануы тиіс. Бұл элементтерді жиі тексеріңіз
және қажет болса, дымқыл матамен тазалаңыз. Кез келген қатып
қалған тағамдар тіс тазартқыш немесе иненің көмегімен тазалануы
тиіс.
! Электрлік оталдыру құрылғысының зақымдалуын болдырмау
үшін оны конфоркалар орындарына орнатылмаған жағдайда
пайдаланбаңыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру қиындауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл рәсімді өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы тиіс
Ақаулықтарды жою
Пісіргіш панель жұмыс істемей қалып не нашар істеуі мүмкін. Қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында өзіңіз орындай алатын
әрекеттерді қарастырайық. Алдымен, энергия мен газбен жабдықтау
жүйесінде ажыраулардың жоқ, әсіресе панельдің газ шүмектері ашық
екендігіне көз жеткізіңіз.
Жанарғы жанбайды немесе жалын әркелкі.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
• Жанарғының газ шығару саңылаулары бітелмеген.
• Жанарғының барлық жылжымалы бөлшектері дұрыс орнатылған.
• Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Содержание
- Phn 962 ts ix ha 1
- Варочная панель 1
- Мазмұны 1
- Пайдалану нұсқаулығы 1
- Плита 1
- Руководство по эксплуатации 1
- Содержание 1
- Ескертулер 2
- Предупреждения 2
- Көмек 3
- Сервисное обслуживание 3
- Жалпы шолу 4
- Общии вид 4
- Описание изделия 4
- Құрылғы сипаттамасы 4
- Расположение 5
- Установка 5
- Подсоединение к газопроводу 6
- Электрическое подключение 6
- Заводская табличка 7
- См заводскую табличку 7
- Электропитание 7
- Phn 962 ts ix ha 8
- Характеристики конфорок и форсунок 8
- Включение и эксплуатация 9
- Общие требования к безопасности 9
- Практические советы по эксплуатации газовых горелок 9
- Практические советы по эксплуатации центральных конфорок semi pescera 9
- Предосторожности и рекомендации 9
- Обесточивание изделия 10
- Техническое обслуживание и уход 10
- Транспортировка и хранение 10
- Утилизация 10
- Чистка компонентов варочной панели 10
- Чистка поверхности варочной панели 10
- Экономия электроэнергии и охрана окружающей среды 10
- Неисправности и методы их 11
- Устранения 11
- Уход за рукоятками газовой варочной панели 11
- Орналастыру 12
- Орнату 12
- Газ құбырына қосу 13
- Электр қуатына қосу 13
- Деректер кестесі 14
- Деректер кестесін қараңыз 14
- Phn 962 ts ix ha 15
- Оттық пен форсункалар сипаттары 15
- Сұйық газ табиғи газ 1 кесте 15
- Балық пісіру кастрөлі оттығын пайдалану бойынша кеңес 16
- Газ жанарғыларын пайдалану бойынша қарапайым кеңестер 16
- Сақтандырулар мен кеңестер 16
- Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар 16
- Қосу және пайдалану 16
- Ақаулықтарды жою 17
- Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету 17
- Жою 17
- Жөндеу және күтім 17
- Конфорка бетін тазалау 17
- Конфорка бөліктерін тазалау 17
- Тасымалдау және сақтау 17
- Қоршаған ортаны сақтау және қорғау 17
- Құрылғыны өшіру 17
- Indesit company s p a 20
- Mcgrp ru 21
- Сайт техники и электроники 21
Похожие устройства
- Hotpoint-Ariston 641 /HA (CF) Инструкция по эксплуатации
- Saturn ST-FP0055 СЕРЕБРИСТЫЙ/ЧЕРНЫЙ Руководство пользователя
- Teka NC2 60 Инструкция по эксплуатации
- Simfer M 3642 Инструкция по эксплуатации
- Hotpoint-Ariston 962 TS/IX/HA Инструкция по эксплуатации
- Elica MAJESTIC BL/A/60 Инструкция по эксплуатации
- Simfer H 45 V 35 O 512 Инструкция по эксплуатации
- Teka NC2 90 Инструкция по эксплуатации
- Samsung SC21F60JD синий/черный Инструкция по эксплуатации
- Rohaus RI1010B Белый, синий Инструкция по эксплуатации
- LG G 09 HHT Standard Инструкция по эксплуатации
- LG S 12 PMG Инструкция по эксплуатации
- Samsung MG23H3115FR 800 Вт красный чёрный Инструкция по эксплуатации
- LG S 09 PMG Инструкция по эксплуатации
- Samsung NV6584BNESR Нержавеющая сталь Инструкция по эксплуатации
- Samsung SC20F30WE оранжевый Инструкция по эксплуатации
- Hyundai PRO SLIDER H-HV1-10-UI 562 БЕЛЫЙ Инструкция по эксплуатации
- Daewoo KOR-662BW Инструкция по эксплуатации
- Daewoo KOR-6L4B3W 700 Вт серебристый Инструкция по эксплуатации
- Redmond RI-C 234 РОЗОВЫЙ/ЧЕРНЫЙ Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения