Hansa AMM20BIH 800 Вт серебристый [24/108] Қауіпсіздік

Hansa AMM20BIH 800 Вт серебристый [24/108] Қауіпсіздік
24








Келесі ережелерді әрдайым есте ұстау керек:
1. Дайындау барысында микротолқынды пеште тағамдарды ұзақ ұстамаңыз. Жабдықты, әсіресе,
қарапайым және тез дайындау мақсаттарында онда қағаз орамадағы, жасанды немесе оңай тұтанатын
материалдардағы тағамдарды дайындау кезінде мұқият қадағалаңыз.
2. Микротолқынды пештің камерасын қойма ретінде қолданбаңыз. Микротолқынды пештің ішінде нан,
печенье, қааздан жасалған бұйымдар және т.б. сияқты оңай тұтанатын өнімдер мен заттарды сақтамаңыз.
Егер найзағай электрмен қоректендіру желісіне тиген жағдайда, микротолқынды пеш еріксіз қосылуы
мүмкін.
3. Микротолқынды пешке қағаз немесе пластик сыйымдылықтарды/пакеттерді салмас бұрын олардың
орамаларынан сымды қысқыштар мен металл элементтерді алып тастау қажет.
4. Микротолқынды пеш жерлестірілуі қажет.
5. Микротолқынды пешті тек орнату бойынша нұсқауға сәйкес орнату қажет.
6. Қабығы бар жұмыртқа, өсімдік майлары қосылған су сияқты кейбір өнімдер, тығыз жабылған
сыйымдылықтар және жабық шыны банкілер жарылуы мүмкін, сондықтан оларды микротолқынды пеште
қыздыруға болмайды.
7. Осы жабдықты тек осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану қажет. Микротолқынды пеште жемірілетін химиялық
құралдарды қолданбаңыз. Микротолқынды пеш тағамды жылыту және дайындау үшін арнайы жобаланған.
Ол зертханалық немесе өндірістік қолдану үшін арналмаған.
8. Микротолқынды пештің жұмысы ересектердің тұрақты қадағалауымен жүргізілуі қажет. Балалардың
басқару элементтеріне қолжетімділігіне жол бермеңіз. Балаларға жабдықпен ойнауға тыйым салынады!
9. Егер байланыстырып тұратын панель немесе істікше зақымдалса, сонымен қатар, егер микротолқынды
пеш дұрыс жұмыс істемесе, зақымдалса немесе құлап қалса, онда микротолқынды пешті қоспаңыз.
10. Жабдық тек «Амика» қызметінің білікті мамандарымен ғана жөнделе алады.
11. Микротолқынды пештің желдеткіш саңылауларын бұғаттауға немесе жабуға болмайды.
12. Микротолқынды пешті бөлмеден тыс жинамаңыз және қолданбаңыз.
13. Микротолқынды пешті судың, асхана қаяуының маңында, ылғал бөлмеде немесе жүзу хауызының
маңында қолданбаңыз.
14. Микротолқынды пештің байланыстырып тұратын сымжелісін және істікшені суға салмаңыз.
15. Сымжеліні қызатын беттерге жақын орналастырмаңыз.
16. Микротолқынды пеш сымжелісінің үстел немесе үстелдің үстіңгі тақтайының шетінен салбыратып
қоймаңыз.
17. Тазалау:
Тазалау алдында микротолқынды пештің электрмен қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
а) пайдаланып болғаннан кейін микротолқынды пештің ішін ылғал шүберекпен сүрткен жөн.
б) микротолқынды пештің жабдықтарын қарапайым әдіспен сабынды суда жуыңыз.
в) есіктің жақтауын, тығыздағыш төсемді және онымен жанасқан элементтерді, егер ол лас болса, абайлап
ылғал шүберекпен тазалау қажет. Есіктің жақтарын және микротолқынды пешті қолдану барысында
тек жұмсақ қажақты емес сабынды немесе жуғыш құралдарын губкамен немесе жұмсақ шүберекпен
тазалауға болады....

1. Жабдықты қолданар алдында пайдалану нұсқаулығын оқу қажет.
2. «МИКРОТОЛҚЫНДЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ШАМАДАН ТЫС ӘСЕР ЕТУІНЕН АУЛАҚ БОЛУ ҮШІН» бөлімінің
қауіпсіздік техникасын толығымен сақтау қажет.
3. Көптеген пештер мен тақталарды қолдану жағдайы сияқты микротолқынды пештің камерасында өрт
қаупінен аулақ болу үшін аса назар аудару және бақылау қажет.
Жабдық тасымалдау барысында
зақымданулард а н қорғалған.
Жабдықты орамадан шығарғаннан
кейін орама элементтерін қоршаған
орта үшін қауіпсіз әдіспен алуыңызды
сұраймыз.
Орама үшін қолданылған барлық
материалдар қоршаған орта үшін
қауіпсіз болып табылады, 100 % қайта
өңдеуге жатады, бұл сәйкес таңбамен белгіленген.
Назар аударыңыз! Орауыш материалдар (полиэтиленді
пакеттер, пенопласт бөліктері және т.б) орамадан
босатылғаннан кейін балаларға қолжетімсіз болуы
қажет.


Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін
осы өнімді қарапайым үй шаруашылығы
қалдықтарымен бірге тастауға болмайды,
оны электрлі және электронды құрылғы-
ларды қабылдау және пайдаға асыру
орындарына өткізу қажет. Осы туралы
өнімде, қызмет көрсету нұсқаулығында
немесе орамада орналасқан таңба құлақ-
тандырады. Бұйымда қолданылған пласт-
массаларолардың белгіленулеріне сәйкес
қайта қолда-нуға жарамды. Қайта қолданудың,
тозған құрылғылар-ды қолданудың немесе қолданудың басқа
түрлерінің арқасында Сіз қоршаған ортаны қорғауда елеулі
үлес қосасыз. Тозған құрылғыларды жоюдың сәйкес орны
туралы Сізге ақпаратты қалалық әкімшілік ұсынады.
KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать