Бирюса R106CA Белый [15/23] Қауіпсіздік талаптары

Бирюса 112 [15/23] Қауіпсіздік талаптары
1 4
Тоңазытқышты еңкейткеннен кейін жұмысшы күйге келтіру үшін қажет уақытты гигиеналық
тазартуларды жүргізу үшін қолдануға болады.
Тоңазытқыштың сыртқы және ішкі беттерін, сонымен жиынтыққа кіретін бөлшектерін жылы
сабынды суға салынған жұмсақ шүберекпен жуыңыз, таза сумен шайып, құрғата сүртіңіз.
Жинауды жүргізгеннен кейін жиынтыққа кіретін бөлшектерді: сөрелер, ыдыстар,
тосқауылдарды орнына қойыңыз. Әр модель үшін олардың орналасу орны және жиынтығы
«Жиынтық» бөліміндегі суретте көрсетілген.

        

Жоғарыда аталған барлық тармақтарды орындағаннан кейін тоңазытқыш жұмысқа дайын!
Тоңазытқышты жиілігі 50 Гц және номиналды кернеуі 220 В айнымалы тоқ желісіне қосыңыз
(тоңазытқыш 198 В бастап 242 В дейінгі желі кернеуінде қалыпты жұмыс істей алады). Аталған
параметрлерге сәйкес келмейтін желіге тоңазытқышты қосу оның істен шығуына алып келуі мүмкін.
Егер желідегі кернеу ұсынылған параметрлерге сәйкес келмесе, онда  кем емес толық
іске қосу қуатына есептелген кернеу тұрақтандырғышын орнату қажет (арнайы дүкендерден сатып
алынады).
Тоңазытқыштар электр тоғының соғуынан «1» класс қорғаныш типі бойынша шығарылады
(жермелеуші сымымен бірге), сондықтан тоңазытқыштарды жермелеуі бар электр желісіне ғана
қосыңыз. Егер розетка тоңазытқыштың желілік баусымының ашасына сәйкес келмесе, онда Сізге
розетканы орнату үшін білікті электрикті шақырту қажет (1 қорғаныш класы).
Тоңазытқышты желіге қосқаннан кейін 4 сағаттан соң Сіз тоңазыту және мұздату
камераларына өнімдерді сала аласыз.







Тоңазытқышты пайдалану алдында қауіпсіздік ережелерін орындаңыз:
Тоңазытқышты электр желісіне қосу алдында розетканың дұрыстығын және баусымы мен
ашасы зақымдалмағандығын тексеріңіз.
Баусымы зақымдалған жағдайда электр тоғының соғу қауіпін болдырмас үшін оны өндіруші
немесе оның агенті немесе ұқсас білікті тұлға ауыстыруы тиіс.
Тоңазытқыш корпусына тоқ өткізетін бөліктердің қысқа тұйықталу белгілері болған жағдайда
(металл бөліктерін ұстаған кезде шымшылайды), тоңазытқышты желіден ажыратып,
бұзылуды жою үшін механикті шақырыңыз.
Тоңазытқышты және табиғи жермелеуі бар құрылғыларды (газ плитасы, жылу радиаторлары,
су құбыры крандары) бір уақытта ұстамаңыз.
Тоңазытқыштың іші-сыртын жинаған кезде, тоңазытқыштың астындағы еденді жуған кезде,
бұзылуларды жойған кезде тоңазытқышты сөндіріңіз.
          

        





       


         

          

Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істеуі және Сізге ұзақ уақытқа дейін қызмет етуі үшін бірқатар
шектеулерді орындау қажет:
 



          









Содержание

Похожие устройства

Скачать