Polaris PWK 1729CGL 1,7 Л Инструкция по эксплуатации онлайн [24/28] 302019

24
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және
ағып тұрған судың астында ұстамаңыз.
Электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралдың сыртын алдымен дымқыл шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен сүртіңіз.
Абразивті жуғыш құралдарын және металл қылшықтан жасалған тырнайтын губкаларды
қолданбаңыз.
Құрал сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған, қыздыру элементімен
жабдықталған. Бұндай үйлесім шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға
мүмкіндік береді.
Сүзгішті әрдайым тазалап тұру керек. Алынбалы көп мәртелі сүзгі ауық-ауық тазартуды
қажет етеді. Тазартудың жүйелілігі судың қаттылығына және құралды қолданудың
жиілігіне байланысты. Тазарту сүзгіде қақ пайда болғанда және шәйнектен сұйықтықтың
құйылуы қиындағанда жүргізіледі.
Су тым қатты болса, қақ пен тұнбалар қайнауға арналған сыйымдылықта да түзілуі
мүмкін. Бұл жағдайда шәйнекті қақтан тазарту қажет
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық:
Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Суды қайнатуға арналған
сыйымдылықта қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп, дер кезіне тазарту
қажет.
Шәйнекті қақтан жүйелі түрде, мүмкіндігінше айына 1 рет тазартып тұрыңыз. Егер сіз
қолданатын суыңыз қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.
Егер сіздің шәйнегіңіз су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл, шәйнекті қақтан
тазарту керектігін білдіреді.
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға
болады:
25г. Лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз.
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Немесе сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады:
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады.
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,
бірнеше рет қайнатыңыз.
Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Сондай-ақ, Сіз пластик шәйнектерден қақты кетіретін арнайы құралдарды қолдансаңыз
болады. Орамадағы өндірушінің нұсқаулығын басшылыққа алыңыз.
Металл шәйнектерды, кофе қайнатқыштарды және бумен істейтін үтіктерді қақтан тазартуға
арналған құралдар Сіздің POLARIS шәйнегіңізге жарамайды және оларды қолданған
жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты пайдаланғанда қашанда су қосыңыз. Бұл құралды суы
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз.
Шәйнектің ішін тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать