Vitek VT-2335 СЕРЫЙ, ЧЕРНЫЙ [16/28] Қазақша
![Vitek VT-2335 СЕРЫЙ, ЧЕРНЫЙ [16/28] Қазақша](/views2/1231733/page16/bg10.png)
16
ҚазаҚша
Түнгі режимді іске қосу/сөндіру
батырмасы (18)
– Түнгі режимді іске қосу үшін батырмаға (18)
қол тигізіңіз, осы кезде дисплейде (2) жұмыс
режимдерінің таңбалары жолағында (22)
түнгі режимнің таңбасы жанады.
– Түнгі режимді сөндіру үшін батырмаға (18)
тағы да қол тигізіңіз
Ескерту: түнгі режим кезінде құрылғы
«бу» шығаруды жалғастырады. Түнгі режим
дисплейдің көмескілеуін ғана сөндіреді және ол
Сізге ұйықтауға кедергі жасамайды.
Судың жеткіліксіз көлемінің көрсетілімі
– Сауытта (6) су біткенде, құрылғы
сөнеді, дыбыстық сигнал шығады, осы
кезде дисплейде (2) жұмыс режимдері
таңбаларының жолағында (22) қызыл түспен
сауытта судың
бітуінің таңбасы жанады.
– Құрылғыны батырмамен (13) сөндіріңіз,
шүмекті (7) және сауытты (6) шешіңіз.
Сауытты (6) сумен толтырыңыз («Ауа
ылғалдатқышын пайдалану» тарауын қар.).
Ылғалдатқыш корпусына (12) алдымен
толтырылған сауытты (6), содан кейін
шүмекті (7) орнатыңыз.
– Құрылғыны келесі пайдалану үшін іске
қосыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
САҚТАНДЫРУ! Тазалау алдында міндетті
түрде аспапты сөндіріңіз және оны электрлік
желіден ажыратыңыз.
Кермек су жұмыс камерасында (4) және
сауытта (6) минералды шөгінділердің пайда
болуын тудырады, бұл аспап жұмысының
нашарлауына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін:
– тұрмыстық сүзгімен тазартылған суды,
қайнатылған және тұндырылған суды
пайдаланыңыз. Егер су құбыры суы
кермек болса, онда оны дистильденген
сумен 1:1 қатынасында араластыру
ұсынылады. Өте кермек су болғанда оны
дистильденген сумен 1:2 қатынасында
араластырыңыз немесе тек дистильденген
суды пайдаланыңыз.
– Сауыттағы (6) суды аптасына екі рет
ауыстырыңыз.
– Жұмыс камерасы (4) мен сауытты (6)
бейтарап жуғыш заттың ерітіндісімен
аптасына екі рет жақсылап жуыңыз.
– Жұмыс камерасын (4) тазалау алдында
қыздырғыш элементтің қорғаныс қақпағын
(5) шешіңіз.
– «Шашыратқышты» тазалау үшін оған
5-10 тамшы тазартқыш затты тамызыңыз,
шамамен 10-15 минут күтіңіз. Жұмсақ
қылшақпен «шашыратқыш» бетінен өңезді
жойыңыз, содан кейін жұмыс камерасын
(4) бейтарап жуғыш заттың ерітіндісімен
жуыңыз.
– Жұмыс камерасын (4) және сауытты (6)
бірнеше рет шайыңыз. Жұмыс камерасын
(4) жұмсақ матамен сүртіңіз.
– Ылғалдатқыш корпусын (12) жұмсақ сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
– Ластанған сайын ауатартқыш торын (1)
шешіңіз және тарзартыңыз.
Ескерту:
– Ылғалдатқыш корпусын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға матырмаңыз;
– «Шашыратқышты» тазалау үшін
қажайтын тазалағыш заттарды және
еріткіштерді пайдаланбаңыз;
– «Шашыратқышқа» арналған тазалағыш
зат ретінде шайнектердегі қақты жоюға
арналған затты пайдалануға болады,
берліген затты пайдалану бойынша
нұсқаулықтағы ұсыныстарды қатаң
сақтаңыз.
Минералды сүзгі (10)
Минералды сүзгі суды қоспалардан, ауыр
металлдар иондарынан, бактериялардан және
т.б. тазартады.
Минералды сүзгіні тазалау
– Минералды сүзгіні (10) мезгілімен жуу және
тазалауды жүргізу, әсіресе «кермек суды»
пайдаланған кезде ұсынылады.
– Сауытты (6) шешіңіз, қақпақты (11) бұрап
алыңыз және оны шешіңіз, минералды
сүзгіні (10) сағат тіліне қарсы бұрап, оны
бұрап алыңыз.
– Сәйкес ыдысқа бөлме температурасы
бар суды құйыңыз, тағамдық сірке суын
(шамамен 1 ас қасық) қосыңыз және
минералды сүзгіні (10) шамамен 10 минутқа
салып қойыңыз,
– Минералды сүзгіні (10) шығарыңыз және
оны ағын судың астында жуыңыз.
– Минералды сүзгіні (10) қайтадан қақпаққа
(11) сағат тілі бойынша бұрап орнатыңыз.
IM VT-2335.indd 16 27.02.2017 17:35:48
Содержание
- Humidifier 1
- Vt 2335 bk 1
- Увлажнитель 1
- English 3
- English 4
- English 5
- English 6
- English 7
- Русский 8
- Русский 9
- Русский 10
- Русский 11
- Русский 12
- Қазақша 13
- Қазақша 14
- Қазақша 15
- Қазақша 16
- Қазақша 17
- Україньска 18
- Україньска 19
- Україньска 20
- Україньска 21
- Україньска 22
- Кыргыз 23
- Кыргыз 24
- Кыргыз 25
- Кыргыз 26
- Кыргыз 27
Похожие устройства
- Midea Modern MG696TGB Инструкция по эксплуатации
- Midea Modern MO 57158 X Нержавеющая сталь, черный Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC - KS57P32 Коричневый Руководство по эксплуатации
- Siemens SN656X00MR Инструкция по эксплуатации
- Midea Retro MG696TRI-B Инструкция по эксплуатации
- Samsung SS60M6015KG Черный Инструкция по эксплуатации
- Stern 95712 Инструкция по эксплуатации
- AEG Mastery Range KMR721000M Инструкция по эксплуатации
- Faber FLEXA GLASS М6 W A60 110.0294.082 Белый Инструкция по эксплуатации
- Hansa OTP616IH Нержавеющая сталь Инструкция по эксплуатации
- Elica IX/A/90/VT PRF0094215A Серебристый Инструкция по эксплуатации
- Kuppersberg SLIMLUX II 90 BG 5658 БЕЛЫЙ Инструкция по эксплуатации
- KitchenAid 5KSB1585EER Инструкция по эксплуатации
- Moulinex Faciclic Glass LM233A32 7211001357 Черный Инструкция по эксплуатации
- Bosch AxxenceStepOn PPW4201 Прозрачный, серебристый Инструкция по эксплуатации
- Polaris PWS 1831DG РИСУНОК, ЧЕРНЫЙ Инструкция по эксплуатации
- Kambrook The Smarter Choice KSC305 Синий, черный Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-218 Бежевый, рисунок Инструкция по эксплуатации
- Polaris PWS 1849DG РОЗОВЫЙ, СЕРЫЙ Инструкция по эксплуатации
- Bosch AxxenceStyle PPW3401 Черный Инструкция по эксплуатации