Polaris PRE J 0715 СЕРЫЙ [17/23] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
![Polaris PRE J 0715 СЕРЫЙ [17/23] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық](/views2/1280500/page17/bg11.png)
17
Майтолтырылған электрлі радиатор
POLARIS
Модельдері: PRE J 0715; PRE J 0920; PRE J 1125
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге
қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге қатысты кеңестер
берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және
орама материалымен бірге сақтаңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар ................................................................................................17
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар ..................................................................18
Құралдың сипаттамасы ...........................................................................................................................19
Жинақталуы .............................................................................................................................................20
Құралды жұмысқа дайындау ..................................................................................................................20
Құралды пайдалану .................................................................................................................................20
Күтім және сақтау ....................................................................................................................................21
Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................22
Сертификаттау туралы ақпарат ..............................................................................................................22
Кепілдік міндеттеме ................................................................................................................................23
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды тек тұрмыста ғана пайдалану үшін қолданылады.
Құралды тек қана мақсаты бойынша пайдаланады.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы
болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату қажет.
Кеңесті білікті маманнан алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын,
құралдың желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің
қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген
электротехникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет
көрсету құқығынан айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын
пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның өшіріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан күн сәулесінің тікелей
түсуінен, ылғалдықтан сонымен қатар, сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Похожие устройства
- Rowenta Instant Straight CF5712F0 Инструкция по эксплуатации
- Bosch Serie 2 PBH6C2B90R Белый Инструкция по эксплуатации
- Timberk SWH RS7 30 V Белый Инструкция по эксплуатации
- Zanussi ZWH/S 50 Splendore XP Белый Инструкция по эксплуатации
- Delonghi Essenza Mini EN85.LAE Инструкция по эксплуатации
- Zanussi ZWH/S 30 Orfeus DH Белый Инструкция по эксплуатации
- Gefest ПВГ 2231-05 К3 Черный Инструкция по эксплуатации
- Kaiser KCT 6912 F Mond Серый Инструкция по эксплуатации
- Elikor Интегра 60П-400-В2Л КВ II М-400-60-260 УХЛ4.2 Белый Инструкция по эксплуатации
- Gefest ПВГ 2231-01 К12 Белый Инструкция по эксплуатации
- Braun TexStyle 7 SI7066 VI Инструкция по эксплуатации
- Gefest ПВИ 4000 Черный Инструкция по эксплуатации
- Delonghi IF 46 PRO Серебристый Инструкция по эксплуатации
- Bosch Serie 4 PNP6B6B80 Черный Инструкция по эксплуатации
- Gefest ПВГ 2231-05 К12 Белый Инструкция по эксплуатации
- Kuppersberg FV9TGRZ C GOLD БЕЖЕВЫЙ Инструкция по эксплуатации
- Zanussi ZWH/S 30 Splendore XP Белый Инструкция по эксплуатации
- Bosch MMBM 401 W Белый Инструкция по эксплуатации
- Timberk SWH SE1 10 VO Белый, серый Инструкция по эксплуатации
- Timberk SWH FSL3 30 VH Белый Инструкция по эксплуатации