Grundfos UPS 32-100 F 220 95906483 [29/64] Қазақша kz

Grundfos UPS 32-100 F 220 95906483 [29/64] Қазақша kz
Қазақша (KZ)
29
4. Бұйым туралы жалпы мәлімет
Осы Нұсқаулық 100 UP, 100 UPS, 100 UPSD, UPSO, SOLAR сорғы қондырмаларына таратылады
Құрылымы
UP (S, SD,SO)/SOLAR герметикалық гильза статорынан оқшауланған роторлы сорғы болып
табылады, яғни сорғы мен электр қозғалтқышы небары екі тығыздау төсемін ғана қолданатын
білікті тығыздаусыз біртұтас торап түзеді Мойынтіректер аударып қотару сұйықтығымен
майланады
Бұл сорғылардың құрылымы:
• керамикадан жасалған радиалды мойынтіректер;
• графитті тіректік мойынтірегі;
• тот баспайтын болаттан жасалған ротордың қорғаныш гильзасы және мойынтірек ернемегі;
• тоттануға бекем композиттен жасалған жұмыс дөңгелегі;
• шойыннан (SOLAR үшін - катафорез әдісімен салынған төсемді шойыннан салынған), композит
немесе тот баспайтын болаттан жасалған сорғы корпусы
UP (S, SD,SO)/SOLAR сорғыларының кесігі 1-қосымшада келтірілген
Электр қозғалтқышы
UP (S, SD,SO)/SOLAR сорғылары 2 немесе 4 полюсті асинхронды қысқа тұйықталған электр
қозғалтқыштарымен жабдықталған
Бір фазалы желіге арналған сорғылар электр қозғалтқышының бір немесе үш жылдамдықты
орындалымымен жеткізіледі
Клеммалық қорап жеңіл ашылады және кабельді қосуға арналған қысқыштармен
жабдықталған Кабельді енгізілімнің тығыздағышы және кабельді тарту компенсаторы бар Бір
фазалы электр қозғалтқыштарының кабельді енгізілімі монтаждауды жеңілдету үшін
бағытталған тығыннан сыртқа жылжи алады
Байланыстырғыш кабельдер үшін функционалды клеммалармен жабдықталған клеммалық
қорапқа жеңіл қолжетімділік
Кабельді дұрыс қосуды қамтамасыз ету мақсатында клеммалық қораптардың орналасуының әр
түрлі нұсқалары қарастырылған Оқшаулау сыныбы: F/H Кабельді қосылым: 5,6-ден 10 мм
дейін кабельдер үшін Pg 11

Содержание

Похожие устройства

Скачать