Stihl MS-361 18" 11352000520 Инструкция по эксплуатации онлайн [6/112] 309194

Stihl MS-361 18
MS 361
қазақ
4
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
мотоараның қозғалмалы
бөлшектеріне іліне алатын киімді
кимеңіз. Сонымен қатар
мойынорағыш, галстук және қандай
да бір әшекей тақпаңыз. Ұзын шаш
оралуы және бекітілуі керек (орамал,
бас киім, дулыға және т.б.).
Сақтандыру
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және
оның дұрыс орнатылғанына назар
аударыңыз. Қорғаныс бетпердесі,
көзді жеткілікті дәрежеде қорғай
алатын қорғаныс бұйымы емес.
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
Төменге қарай құлайтын заттардан
жарақат алып қалатын қауіптілік
төнетін болса, онда қорғаныс
дулығасын киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын
ұсынады.
Тасымалдау
Тасымалдаудың алдында, тіпті қысқа
қашықтыққа тасымалдаудың алдында
бензин арасын әркез сөндіріп
тұрыңыз, ара шынжырының тежегішін
бұғаттаңыз және шынжырдың
қорғанышын монтаждаңыз. Осының
арқасында ара шынжыры кенеттен
іске қосылмайтын болады.
Бензин арасын басқа жерге көшірген
кезде, оның түтікшелі тұтқышынан
ұстаңыз, қызып тұрған бәсеңдеткішті
денеден аулақ ұстаңыз, бағыттауыш
шинаны артқа қарай бағыттаңыз.
Агрегаттың қызып тұрған
бөлшектерін, әсіресе бәсеңдеткіштің
беткі қабатын ұстамаңыз, себебі күйік
алып қалуыңыз мүмкін!
Автокөліктің ішінде: бензин арасын
төңкерілуден, бүлінуден қорғаңыз
және жанармайдың ағып кетуінен
және шынжырды майлауға арналған
майдың ағып кетуінен сақтаныңыз.
Тазарту
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Тазарту кезінде өткір
бөлшектер жылтыр бөлшектерді
бүлдіре алады.
Бензин арасын шаң мен кірден
тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Салқындатқыш ауаға арналған
оймакілтектерді де тазартқаныңыз
жөн.
Бензин арасын тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны бензин арасының
бөлшектерін бүлдіре алады.
Керек-жарақтар
STIHL фирмасы тарапынан осы
бензин арасы үшін қолдануға рұқсат
етілген құрал-сайманды, бағыттауыш
шиналарды, ара шынжырларын,
шынжыр жұлдызшаларын,
жабдықтарды немесе осыған ұқсас
бөлшектерді ғана орнатыңыз. Қандай
да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз. Керісінше жағдайда
Киім қолданыс
мақсатына сай келуі
керек және жұмысқа
кедергі келтірмеуі
қажет. Кесіктен
қорғайтын қорғаныш
төсемесі бар тығыз
жататын киімді кигеніңіз
жөн – бірақ жұмыс
халаты емес.
Тіліктен қорғайтын,
қырлы табаны және
болаттан жасалған
ендірме салынған
тұмсығы бар қорғаныш
етіктерін киіңіз.
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
001BA115 KN

Содержание

Похожие устройства

Скачать