Grundfos UPA 15-90 N 96621403 [21/44] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Grundfos UPA 15-90 N 96621403 [21/44] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Қазақша (KZ)
21
Ескертпе
Жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарға кіріспес бұрын атаулы құжат
пен нұсқауды (Quick Guide) мұқият оқып алу керек. Жабдықты монтаждау
мен пайдалану атаулы құжаттың талаптарына сəйкес, сонымен қатар
жергілікті нормалар мен ережелермен сəйкес жүргізілуі керек.
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Ескертпе
Аталған жабдықты пайдалануды осыған қажетті білімі мен тəжірибесі бар
қызметкерлер жүргізуі тиіс.
Дене, ақыл-ой, көру жəне есту мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар ертіп
жүретін адамсыз немесе қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамасыз аталған
жабдықты пайдалануға жіберілмеуі тиіс.
Атаулы жабдыққа балалар қол жетімділігіне рұқсат етілмейді.
1.1 Құжат туралы жалпы мəліметтер
Қолдану жəне монтаждау бойынша төлқұжат, нұсқаулық, əрі қарай мəтін бойыншаНұсқаулық,
монтаждау, пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету кезінде орындалуы тиіс қағидаттық
нұсқауларды қамтиды. Сондықтан монтаждау жəне іске қосу алдында оларды тиісті қызмет
көрсететін қызметкерлер құрамы немесе тұтынушы міндетті түрде зерделеуі тиіс.
Нұсқаулық ұдайы жабдықтың пайдаланатын жерінде тұруы қажет.
Тек «Қауіпсіздік техникасы нұсқаулықтары» бөлімінде келтірілген қауіпсіздік техникасы
жөніндегі жалпы талаптарды ғана емес, сондай-ақ басқа бөлімдерде келтірілген қауіпсіздік
техникасы жөніндегі арнаулы нұсқауларды да сақтау қажет.
1.2 Бұйымдағы символдар мен жазбалардың мəні
Жабдыққа тікелей түсірілген нұсқаулар, мəселен:
айналу бағытын көрсететін меңзер,
айдалатын ортаны беруге арналған қысымды келте құбыр таңбасы,
міндетті түрде сақталуы жəне оларды кез-келген сəтте оқуға
болатындай етіп қойылуы тиіс.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

входной патрубок
2 месяца назад