Nec MultiSync C551 [7/60] Мазмұны

Nec MultiSync C551 [7/60] Мазмұны
Қазақ-5
Қазақ
Құрылғы қамтамасыз етуге арналған үстел тіреусіз немесе басқа да
орнату қосымша құралсыз пайдаланып немесе орнатыла алмайды.
Дұрыс орнату үшін тәжірибелі NEC өкілеттігі бар қызметшіге
хабарласуыңыз жөн. NEC стандартын орнату процедурасында
жіберген қателіктер жабдықты зақымдауы мүмкін немесе
пайдаланушыға немесе орнатушыға жарақат тигізуі мүмкін.
Өнімге берілген кепілдік дұрыс емес орнатылған жабдықтың шығынын
өтемейді. Берілген ұсыныстардан бас тартылған жағдайда кепілдік
жойылады.
Бекіту
Мониторды өз бетінше орнатушы БОЛМАҢЫЗ. Жеткізушіден
сұраңыз. Дұрыс орнату үшін тәжірибелі, білімді қызмет көрсетушіге
хабарласқан жөн. Құрылғыны орнатпастан бұрын оның орнын
тексеріп алыңыз. Қабырғаға немесе төбеге ілу толықтай клиенттің
өз жауапкершілігінде. Құрылғының салмағын барлық қабырғалар
мен төбелер көтере бермейді. Өнімге берілген кепілдік дұрыс емес
орнатқаннан, қайта жөндеуден немесе табиғи апат салдарынан болған
шығындарды өтемейді. Берілген ұсыныстарды орындамау кепілдікті
жояды.
Желдетуге арналған тесіктерді орнату құралдарымен немесе басқа да
заттармен блоктауға БОЛМАЙДЫ.
NEC білікті қызметкерлер үшін:
Құрылғыны орнатқанда қауіпсіздікте сенімді болу үшін екі немесе
бірнеше негіз пайдаланыңыз. Құрылғыны орнатылатын орынның
кемінде екі жеріне бекітіңіз.
Қабырғаға немесе төбеге орнатқанда келесі
жағдайларды ескеріңіз
NEC корпорациясы бойынша бекітілгеннен бөлек басқа орнату
құралдарын пайдаланғанда, олар VESA-үйлесімді (FDMlv1)
орнату әдісіне сәйкес болу қажет.
NEC корпорациясы Солтүстік Америкада UL1678 стандартына
сәйкес болатын орнату интерфейстерін ұсынады.
NEC M6 өлшемді бұрандаларды
міндетті түрде пайдалануды
ұсынады (10-12 мм +
ұзындықта кронштейн мен
шайбаның қалыңдығы).
Егер пайдаланылатын
бұрандалар 10-12 мм-ден
ұзын болса, тесіктің тереңдігін
тексеріп алыңыз. (Ұсынылатын
бекіту Күші: 470 - 635 N•см).
Кронштейн саңылауы φ 8,5 мм-ден аспауы керек.
Орнатпастан бұрын құрылғыға зақым тимес үшін құрылғының
салмағын көтере алатындай орнатылатын орынды тексеріп
алыңыз.
Толық ақпарат алу үшін бекіту жабдығымен бірге берілген
нұсқауларды қараңыз.
Монитор мен негіз арасында ешқандай бос орын жоқ екеніне
сенімді болыңыз.
Мазмұны
Мазмұнын мазмұн парағынан қараңыз.
Орнату
Бейне қабырға конфигурациясында ұзақ уақыт бойы пайдаланған
кезде, мониторлар температура өзгерістеріне байланысты аз ғана
кеңеюі мүмкін. Осыған байланысты жақын арадағы монитор
жиектері арасында бір миллиметрден артық аралық қалдыруға
кеңес беріледі.
Орнату кезінде қолыңызды мониторға қоймаңыз немесе күш
салмаңыз. Монитор майысуы мүмкін.
Сұйық кристалды монитордың қабырғадан немесе төбеден құламауы
үшін, NEC қатаң түрде қауіпсіздік сымын пайдалануды ұсынады.
Сұйық кристалды мониторды қабырғадағы немесе төбедегі ұяға өте
қатты орнатыңыз.
Сұйық кристалды мониторды ілмек, ілмекті бұранда немесе
монтаждау бөлшегі сияқты орнату құрал-жабдықтары арқылы
дайындап, сұйық кристалды мониторды сыммен бекітіңіз. Қауіпсіздік
сымы қатты болмауы тиіс.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Мониторды орнатуға арналған қауіпсіздік
сымымен ілуге тырыспаңыз. Монитор VESA
үйлесімді бекіткішіне тиісінше орнатылуы тиіс.
Сұйық кристалды мониторды орнатпас бұрын, орнату құрал-
жабдықтарының мониторды ұстауға жеткілікті қатты екенін тексеріңіз.
Қауіпсіздік сымы үшін көлденең орнату
Қауіпсіз орналастыру
үшін альбомдық орнату
VESA Орнату интерфейсі (M6)
Сымды мониторға орнату
Мониторға сымды орнатуға ілмек бұрандаларды пайдаланыңыз.
12 мм-ден аз
Бұранда
Құрылғы
10-12 мм
Тіреуіш пен
шайбалардың
қалыңдығы
дейін
φ 8,5 мм
Бос
орын жоқ
Шайбалар
Орнату
Негіз
Бұранда жоқ
4 мм

Содержание

Скачать