Scarlett SC-ET10D12 — пайдалану жөніндегі нұсқаулық: қауіпсіздік шаралары мен талаптар [7/8]

Превью страниц Страница 7 / 8
Scarlett SC-ET10D12 [7/8] Kz пайдалану жөніндегі нұсқаулық
IM019
www.scarlett.ru SC-ET10D12
7
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға сенім
артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс
етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші
көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану кезінде бұзылмауы үшін құралды қолданудың алдында осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр жүйесінде көрсетілген
параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Дұрыссыз қолдау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, заттай зиян іп келтіріп және пайдаланушының денсаулығына зиян
тигізуі мүмкін.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатында қолдануға,
сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өнеркәсіптік үй-жайлардағы қызметкерлерге арналған асүй аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде, пансионаттарда және соларға ұқсас тұрғын жайларда клиенттердің пайдалануына
арналмаған.
Егер құрылғы қолданылмаса, оны электр жүйесінен әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Құралды не бауды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, құрылғыны электр жүйесінен
дереу сөндіріп тастаңыз және оны әрі қарай пайдаланбастан бұрын, жұмысқа қабілеттілігі мен құралдың қауіпсіздігін білікті
мамандарға тексертіңіз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда оны өндірушіден немесе сервистік қызмет орталығынан алынған арнайы сыммен алмастыру
керек.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды қоректену жүйесінен сөндіргенде шаңышқыны ұстаңыз, ал қоректену бауынан тартпаңыз.
Құрылғы құрғақ тегіс бетте тұрақты тұруы тиіс. Құралды ыстығы бар бетке, сондай-ақ, ыстық шығару көздеріне (мысалға
электрлі плиталар), перделерге жақын және ілінбелі сөрелердің астына қоймаңыз.
Қосылған құралды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе аспапты
пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
НАЗАР: Су қайнап жатқан кезде қақпақты ашпаңыз.
Қосудың алдында қақпақтың тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз, өйтпейінше қайнаған кезде автоматты сөндіру жүйесі
істемейді де су шайқалып төгілуі мүмкін.
Құрылғы тек қана суды қыздыруға арналған. Басқа мақсаттарға қолдану тиым салынады бұл бұйымның бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
ұрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ДАЙЫНДАУ
Суды барынша көп деңгейге дейін құйыңыз, қайнатыңыз да төгіп тастаныз. Бұл процедураны қайталаңыз. Шәйнек-термос
қолдануға дайын.
Су толтырылған термос-шайнекті көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз, еденге құлап кетпес үшін жұмыс істейтін беткі
қабаттың шетінен кем дегенде 30 см алыс қойыңыз.
ЖҰМЫС
ЕСКЕРТУ: Жұмыс істеп тұрғанда аспап қызып кетеді. Абай болыңыз! Аспап жұмыс істеп тұрған кезде оның корпусын
қолмен ұстамаңыз. Ыстық буға күйіп қалмас үшін, қақпағын ашқан кезде аспаптың үстінен еңкеймеңіз.
СУДЫ ҚҰЮ
Қақпағын ашып ұңғысы арқылы шәйнек-термосты суға толтырыңыз. Құралдың шектен тыс ысып кетуін болдыртпау үшін
0,5 л артық су құю ұсынылмайды. 2.5 литрден көп су құймаңыз.
ҚОСУ
Суға толған шәйнек-термосты тегіс беткейге қойыңыз.
Қуат беру сымдарын электр желісіне қосыңыз. Шәйнек-термос автоматты түрде іске қосылады, сонымен қатар қайнаудың
жарық индикаторы жанады.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БІР ҚАЛЫПТА ҰСТАУ
Су қайнаған кезде шәйнек-термос автоматты түрде температураны бір қалыпта ұстап тұру режиміне қосылады,
қайнаудың жарық индикаторы өшеді және температураны бір қалыпта ұстап тұрудың жарық индикаторы жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сіздің шәйнек-термосыңыз шектен тыс ысып кетуден сақтайтын жүйемен жабдықталған. Егерде
құралда су аз немесе жоқ болса, ол автоматты түрде іске қосылуы тоқтайды.
СУ ҚҰЮ ТӘСІЛІ
Механикалық
Аспап тіпті электр желісінен ағытулы тұрғанда да пайдалануға болады.
Шыныаяқты су беретін шүмектің астына қойыңыз.
Суды механикалық жолмен құю түймешігін бірнеше рет басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аспап су беруді бұғаттау функциясымен жарақталған.
Бұғатын ағыту үшін бұғаттауды реттегіш тетікті қалпына ауыстырыңыз «pour». Бұғатын орнату үшін қалпына
ауыстырыңыз «stop».

Бұл нұсқаулықта тұрмыстық құралдарды қауіпсіз пайдалану ережелері мен техникалық талаптар туралы ақпарат берілген. Сапалы өнімді пайдалану үшін нұсқауларды орындаңыз.

Кешбек Менеджер