Polaris PWK 1713C [27/35] Тазарту және күтім

27
Шәйнекті электрмен қоректендіру түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Желілік сымның айыршасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.
ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышының клавишасын басу арқылы «I»
қалпына орнатып, шәйнекті қосыңыз. Осы сәтте ішкі көмескі жарық жанады.
Суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыз!
Егер Сіз кездейсоқ түрде суы жоқ шәйнекті байқамай қосқан жағдайда оның күйіп
кетуден сақтандыру жүйесі іске қосылады да, шәйнектің қызу үдерісі тоқтатылады, содан
кейін оның көмескі жарық шығаратын шамы сөнеді, сонымен ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-
қосқышы сол ҚОСУ«I» күйінде тұрады. Шәйнекті одан әрі пайдалану үшін,
ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқышының клавишасын басу арқылы қолмен ӨШІРУ(O)
қалпына орнату қажет, содан оны суық сумен толтырмас бұрын, 30 минут бойы, ол
суығанша күте тұрыңыз, содан кейін оны суық сумен толтырыңыз.
3. Шәйнекті өшіру
Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде сөнеді. Содан кейін оның көмескі жарық
шығаратын шамы сөнеді.
Қажет болған жағдайда Сіз ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышын (O)
қалпына орнатып шәйнекті қолмен сөндіре аласыз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны
тұпқоярдан алмаңыз.
Шәйнектің қақпағы толығымен жабылмаған немесе ашық қүйінде болса шәйнектің
автоматты сөнуі іске қосылмайды.
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз. Ішінде ыстық судың барын есіңізде сақтаңыз.
Шәйнекті тек қана тұтқасынан ұстаңыз.
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан) кейін 15-20 секунд өткен соң шәйнекті қайтадан
пайдалануға болады.
7. Тазарту және күтім
1. Шәйнекті сөндіріп, желіден ажыратыңыз да, ол суығанша күте тұрыңыз.
2. Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құралдың сымын және оның ашасын немесе электрмен қоректендіру түпқоярын суға
салмаңыз және ағып тұрған судың астында ұстамаңыз.
3. Қақтан тазарту жөніндегі нұсқаулық.
Шәйнектің ішкі қабырғаларында және түбінде қақ және тұнба түзілуі мүмкін, қақтың
түзілуі судың қаттылығына байланысты, бұл судың құрамында түз болғандықтан орын
алады. Қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз, дер кезінде

Содержание

Скачать