Polaris PWK 1719CGL [23/30] Жұмыс тәртібі

Polaris PWK 1719CGL [23/30] Жұмыс тәртібі
23
Алғаш рет пайдаланар алдында шәйнектен орайтын барлық материалдарды ішінен және
сыртынан алып тастаңыз, сонымен қатар құралдың сыртқы бетінен барлық жарнамаға
қатысты жапсырмаларды алыңыз.
Электрмен коректендіретін түпқоярын тегіс, таза, қызуға қарсы бетке орнатыңыз.
Шәйнекке су құйып, оны бірнеше рет суық сумен шайып жіберіңіз.
Шәйнекті оның электрмен қоректендіретін түпқоярына орнатыңыз.
Шәйнектегі суды пайдаланбас бұрын, оны ішердің алдында, суды бірнеше рет ауыстыра
отырып, шәйнекті 2-3 рет қайнатып алуға, содан соң шәйнектің ішін тазарту үшін сол екі
-үш мәрте қайнатып алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекке су толтыру
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы құйыңыз, судың деңгейі 1,7л.
(max) белгісінен асыра және 0,5л. (min) белгісінен төмен болмау қажет.
2. Шәйнекті іске қосу
Шәйнекті желіге жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі қолданылатын
кернеудің электрлік параметрлері бұйымдағы арнайы техникалық заттаңбасында, яғни
құралда (шәйнектің түбі мен қоректендіру затында орналасқан) көрсетілген электр
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Шәйнекті электрмен қоректендіру түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Желілік сымның айыршасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.
ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышының клавишасын басу арқылы «I» қалпына
орнатып, шәйнекті қосыңыз. Осы сәтте индикаторлық жарық шамы жанады.
Суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыз!
Егер Сіз кездейсоқ түрде суы жоқ шәйнекті байқамай қосқан жағдайда оның күйіп кетуден
сақтандыру жүйесі іске қосылады да, шәйнектің қызу үдерісі тоқтатылады, содан кейін оның
көмескі жарық шығаратын шамы сөнеді, сонымен ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқышы сол
ҚОСУ«I» күйінде тұрады. Шәйнекті одан әрі пайдалану үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-
қосқышының клавишасын басу арқылы қолмен ӨШІРУ(O) қалпына орнату қажет, содан
оны суық сумен толтырмас бұрын, 30 минут бойы, ол суығанша күте тұрыңыз, содан кейін
оны суық сумен толтырыңыз.
3. Шәйнекті өшіру
Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде сөнеді. Содан кейін оның индикаторлық жарық
шығаратын шамы сөнеді.
Қажет болған жағдайда Сіз ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышын (O) қалпына
орнатып шәйнекті қолмен сөндіре аласыз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны
тұпқоярдан алмаңыз.
Шәйнектің қақпағы толығымен жабылмаған немесе ашық қүйінде болса шәйнектің
автоматты сөнуі іске қосылмайды.
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз. Ішінде ыстық судың барын есіңізде сақтаңыз.

Содержание

Скачать