Polaris PDF 1023G [18/20] Желдеткіштің бұрылуының режимі 2 сурет

Polaris PDF 1023G [18/20] Желдеткіштің бұрылуының режимі 2 сурет
18
Айналудың жылдамдығын таңдау үшін сәйкесінше 1 немесе 2 батырмаларын басыңыз. Желдеткішті
сөндіру үшін «0» батырмасын басыңыз.
Желдеткіштің бұрылуының режимі (2-сурет)
Бұрылу режимін қосу үшін желдеткіштің бұрылуын реттегішті басыңыз (1).
Бұрылу режимін сөндіру үшін желдеткіштің бұрылуын реттегішті жоғары
көтеріңіз.
Желдеткіштің еңкею бұрышын реттеу
Шар тәріздес шарнирдағы ирек бұранданы (2) босатыңыз.
Желдеткіштің еңкейю бұрышын өзгертіңіз.
Ирек бұранданы тірелгенге дейін бұраңыз.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Желдеткішті тек электр қуат көзі сымы розеткадан ажыратылғанда ғана тазалауға болады.
Желдеткіште жиналған жеңіл шаңды жұмсақ матамен және қылшақ түріндегі саптамасы бар
шаңсорғыш көмегімен тазартуға болады. Желдеткіш ішіндегі шаңды жіңішке саңылауы бар
шаңсорғышпен үрлеу режимінде тазартуға болады.
Желдеткіштің сыртқы бетін жұмсақ жуу сұйықтығына және суға малынған және мұқият
сығылған сәл ылғал матамен мерзімді түрде сүртіп отырыңыз. Желдеткішті іске қосар
алдында оны құрғақ, жұмсақ матамен құрғата отырп сүртіңіз.
Жуу сұйықтығының және ылғалдың электр қозғалтқышқа кіруіне жол бермеңіз.
Тазалау үшін спрейді қолданбаңыз.
Назар аударыңыз: Өрттің шығуына немесе электр тоғымен зақымдалуға себеп болуы мүмкін
болғандықтан, желдеткіш ішіне судың кіруіне жол бермеңіз. Желдеткіштің электр қозғалтқышы
өндіруші зауытта құрастыру барысында майланған және желдеткішті пайдалану барысында мүлдем
қосымша майлауды қажет етпейді. Желдеткішті пайдаланушының өзі жасайтың техникалық қызмет
көрсетудің басқа түрлері қажет емес және мақұлданбайды. Желдеткішті жөндеу арнайы
шеберханаларда немесе тұрмыстық техникаларды жөндеу орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Желдеткішті таза және құрғақ жерде сақтаңыз.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер
ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы
тиіс.
Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес
жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында
түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті
ортадан сақтау қажет.
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны
сақтауға көмектесесіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать