MBS Accacia 150 Glass Black [24/32] Сүзгілерді жарық шамдарын тазалау және ауыстыру

22
Түтін шығарғышты күту және профилактикалық қызмет көрсету
Осы тұрмыстық құрылғының қызмет мерзімін ұзарту үшін оған жүйелі түрде
профилактикалық күту жасау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЗ!!!
Асүй түтін шығарғышына қызмет көрсету алдында ашаны электр желісінің розеткасынан
суырып, электр қуатын өшіріңіз.
Ескертпе. Егер аша немесе электр сымы зақымдалған болса, оларды сервисті
орталыққа хабарласып ауыстыру керек.
Түтін шығарғыш корпусының сыртқы беттерін тазалау үшін абразивтік тазалау
заттарын, тегістеу щеткаларын, металл жөкелерді және еріткіштерді қолданбаңыз,
бұл беттердің түзетілмейтін зақымдарын тудыруы мүмкін.
Моторға және түтін шығарғыштың электрондық бөліктеріне судың тиюіне жол
бермеңіз.
Сүзгілерді, жарық шамдарын тазалау және ауыстыру
Май сүзгісі алюминий қоспасынан жасалған. Ешқашан оны бөлшектеуге
тырыспаңыз.
Ласталған май сүзгісі қозғалтқыш арқылы ауа ағынын шектейді және оның қызып
кету және істен шығу себебіне айналуы мүмкін. Сүзгіде майдың тым көп жиналуы өрт
қаупін тудырады.
Қолдану қарқындылығына байланысты, бірақ айына бір реттен сирек емес, май
сүзгісін шығару және тазалау керек. Май сүзгісін тазалағанда келесі ережелерді қатаң
орындаңыз:
Сүзгіні температурасы 30°С таза суға салыңыз, жуу затын қосыңыз және 2-3 минутқа
жібітіңіз. Қолғап киіңіз және жұмсақ губкамен тазалаңыз. Тазалау процесінде күш
салмаңыз, бұл сүзгі торларының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Сүзгілерді ыдыс жуу машинасында жумаңыз.
Содан кейін алюминий май сүзгілерін мұқият жуу және құрғату кере.
Көмір сүзгілері (тек рециркуляция режимінде қолданылады) қайтадан пайдалануға
жарамсыз және ауыстырылуы керек. Көмір сүзгілерінің қызмет мерзімі түтін
шығарғышты қолдану жиілігіне және әзірленетін тамақ түріне байланысты.
Ескертпе. Көмір сүзгілерін ауыстыруды 6 айда 1 реттен сирек емес орындау
керек.
Жарық шамдарын ауыстыру тек электр қуаты өшірулі күйде орындалады.
Шамдарды ауыстыру үшін май сүзгісін шешу керек. Жаңа шам бастапқы шамның
электр параметрлеріне (кернеу және қуат) қатаң сәйкес болуы керек.
Түтін шығарғыштарда галогендік шамдарды ауыстырғанда тек алюминий рефлекторы
(шағылыстырғышы) бар шамдарды қолданыңыз. Дихромдық рефлекторды қолдану
электр патронның тым қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
Жарық диодты шамдардың қызмет мерзімі 100 000 сағатты құрайды.
Жарықтандыру жүйесі тек тамақ әзірлеу процесінде жұмыс істеуге арналған. Оны
бөлмені жарықтандыру мақсатында ұзақ уақытқа қоспау керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать