Zanussi ZWH 7100 P [17/60] Ақаулықты түзету

Zanussi ZWH 7100 P [17/60] Ақаулықты түзету
жəне төгетін түтіктердегі, су төгетін
сорғыдағы қалған суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтікті алыңыз
4. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз
6. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
қайта іске қолданар алдында
температураның 0 °C градустан жоғары
екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Ақаулықты түзету
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете
алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық
сигналдар қосылады жəне бейнебетте
ескерту коды пайда болады:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру
алдында құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы іске
қосылмай тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Үйдің сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Бағдарлама тетігінің дұрыс орында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны ажыратыңыз.
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашылғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне
көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп қалмағанына
көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
17
www.zanussi.com

Содержание

Скачать