Gorenje TG200NGB6 [12/28] Қолдану және күтім жасау

Gorenje TG50NGB6 [12/28] Қолдану және күтім жасау
KK
12
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Жылытқышты бөлшектер алдында ол электр
желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз!
ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Сужылытқышты су құбырына және электр желісіне қосқаннан кейін пайдалануға
болады. Аппараттағы судың температурасын зауыттық тәсілімен реттелген
термостат өздігінен ұстап тұрады. Сіз орнатуын жылытқыштың ішіндегі
термостаттың орнату бұрандасын айналдыра отырып, орнатуын өзгерте аласыз. Сіз
10 °С-дан 65 °С-ға дейінгі қалаған температураңызды белгілей аласыз. Сізге
зауыттық орнатуын өзгертуді ұсынбаймыз, себебі ол Сізге электрэнергияның
неғұрлым үнемді тұтынуын және әк қағының минимальді туындауын қамтамасыз
етеді.
Электр жылытқышының жұмыс істеу индикаторы болып бақылау лампышасы
табылады. Сужылытқышында биметалл термометрі бар, ол, егер сужылытқышында
ыстық су болған жағдайда, сағат тілі бағытында оңға ауытқиды. Егер Сіз ұзақ уақыт
сужылытқышты пайдаланбайтын болсаңыз, оны электр желісінен ажырытыңыз,
сондай-ақ қатып қалуын болдырмау үшін ішінен суды төгіп тастаңыз.
Сужылытқышынан су өткізу түтігі арқылы ағызылады. Сондықтан жинақтау
барысында сақтандыру клапаны мен сужылытқышының өткізу клапаны арасына
ерекше үштік немесе шығару клапанын орналастыру ұсынылады. Сужылытқышын
жұмысты бақылау барысында қажет қалыптағы клапанның айналатын басын немесе
тұтқасын бұрумен сақтандырғыш клапаны арқылы босатуға болады. Босату
алдында сужылытқышын электр желісінен ажырату қажет, содан кейін қоспалауыш
кранындағы ыстық судың тұтқасын ашу керек. Суды енгізу түтігі арқылы
шығарғаннан кейін, сужылытқышта судың шағын көлемі қалады, ол жылытқыш
фланцының саңылауы арқылы жылытқыш фланцын жойғаннан кейін ағып кетеді.
Сужылытқыштың сыртқы бөлшектерін жуғыш құралының әлсіз ерітіндісімен
тазартыңыз. Еріткіштер мен белсенді тазартқыш құралдарын пайдаланбаңыз.
Сізге сужылытқыштың жүйелі тексеруін жүргізіп отыруды ұсынамыз, себебі Сіз
оның мінсіз жұмысын және қызмет етуінің ұзақ мерзімін қамтамасыз етесіз.
Бірінші тексеруін жұмыс істеп бастағаннан кейін шамамен екі жылдан кейін
жүргізу қажет. Оны коррозияға қарсы қорғау анодының жағдайын тексеретін
уәкілетті маман орындауы керек және, қажеттілігі бойынша, қолданылған судың
сапасына, көлеміне және температурасына қастысты сужылытқыштың ішкі
бетінде жиналатын әк дақтарын тазартады. Сіздің сужылытқышыңыздың
жағдайына сәйкес сервистік қызметі тексергеннен кейін Сізге келесі тексеру
уақыты туралы ұсынысын береді. Коррозияға қарсы қорғау анодының жағдайын
визуальді тексеріледі. Анодты ауыстыру, егер тексеру барысында анодтың
диаметрі қатты кішірейгені немесе ол болат өзегіне дейін бүкілі қолданылғаны
айқындалған болса, қажет. Егер сіз қорғауыш анодын жиі тексеретін болсаңыз,
кепілдік қызмет көрсетуін ала аласыз.
Сізден сужылытқышты өздігінен жөндеуге тырыспай, сервистік қызметіне
өтініш жасауыңызды сұраймыз.
ӨНДІРУШІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫС АТҚАРУЫНА ЕШ ӘСЕР ЕТПЕЙТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ
ЕНГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ.
Өндірушінің қолдану туралы нұсқаулық http://www.gorenje.com веб-сайтта қол жетімді.

Содержание

Похожие устройства