Scarlett IS-533 [17/18] Дөңгелек шөтке

Scarlett IS-533 [17/18] Дөңгелек шөтке
15
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ұсына дейін сырғытып жылжыта отырып, осы
қимылды бірнеше рет қайталаңыз.(3)
Шаштың ұшынан бастап түбіне қарай қозғала
отырып, тұлымды шөткеге орауды аяқтаңыз; тұлым
жақсылап жылып, сәнді қалыпқа келу үшін және
шаштың түп жағы сәл көтерілуі үшін, шөткенің
орнын өзгертпестен бірнеше секунд күтіңіз.(4)
Шашыңыздың түріне қарай, қажет болған жағдайда
осы әрекетті қайталауыңызға болады.
Тұлымның берілген пішіні ұзағырақ
сақталуы үшін, ең соңында суық ауа ағынын
бағыттауды ұмытпаңыз. Бұл үшін тек бастиекті
айналдырмастан «суық ауа» түймешігін басу керек.
Шаштың ұшын сыртқа қайырып сәндеу үшін
шөткені шаштың ұшына, тұлымның үстінен
орналастырыңыз да, шөткенің автоматты түрде
айналу функциясын сыртқа бағыттап іске қосыңыз.
(5)
Шаштың ұшын ішке қарай қайырып сәндеу үшін
шөткені шаштың ұшына, тұлымның астынан
орналастырыңыз да, шөткенің автоматты түрде
айналу функциясын ішке қарай бағыттап іске
қосыңыз. (6)
3.5 ДӨҢГЕЛЕК ШӨТКЕ
Жұмсағырақ тұлымдар жасау үшін пайдаланылады.
•Бір түп шашты жазып тараңыз да, фен-тарақпен
түбінен шына дейін бірнеше рет жүргізіңіз.
Сырғыта қимылдай отырып шаштың ұшынан
бастап шөткені айналдыра шашты ораңыз.
Егер шаштың ұзындығы жеткілікті болса, шөткені
айналдыра толық орап, шаштың түбіне дейін
жеткізе аяқтаңыз.
Шаш тұлымы түгелдей қызып, қажетті пішінге ие
болу үшін және шашты түбінен көтеріңкіреп, сәнді
шашты қопсыту үшін шөткені осы қалыпта бірнеше
секунд бойы ұстап тұрыңыз.
Шашыңыздың түріне қарай, қажет болған жағдайда
осы әрекетті қайталауыңызға болады.
Шашқа берілген қалыпты бекіту үшін суық ауа
ағынын бағыттаумен аяқтаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін әрқашан фен-тарақты
электр желісінен ажыратыңыз. Фенді сақтауға
қоярдан бұрын ол суығанша бірнеше минут күтіңіз.
4.ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз да, әбден
суығанша қоя тұрыңыз.
Түрпілі тазартқыш заттарды қолданбаңыз.
Біз шаш, сәндеп жатқызуға арналан препараттар
және т.с.с. жиналуына жол бермеу үшін айналатын
бастиегі мен шөткесін үнемі тазалап отыруға кеңес
береміз.
Тарақтың көмегімен айналатын бастиек пен
диаметрі кіші шөткеден жабысып қалған шашты
алып тастаңыз. Құрғақ немесе сәл дымқыл
матамен аспаптың пластмасса және қыш беткі
қабаттарын сүртіңіз.
5.САҚТАЛУЫ
Назар аударыңыз! Айналатын бастиекті
пайдалануды аяқтағаннан кейін бастиекті алмай
тұрып, аспапты тағанға қоймаңыз: шөткеге нұқсан
келтіріп, шашыңыздың пішінін бүлдіру қатері бар.
Шөткені арнайы мақсаттағы сүзгіге салыңыз.
Феннің әбден суығанын күтіңіз де, корпустың
дымқыл емес екеніне көз жеткізіңіз.
Сымды бүлдіріп алмас үшін оны корпусты
айналдыра орамаңыз.
Фенді салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.

Содержание

Скачать