Vertex M110 [2/2] Телефон құрылымы

Vertex M110 [2/2] Телефон құрылымы
ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ
SIM-картаны орнату және алып тастау
Телефонды сөндіріңіз және батареясын алып тастаңыз, сыртқы қуат көзінен
ажыратыңыз.
SIM-картаны төменде көрсетілгендей слоттарға салыңыз.
SIM-карталардың бірін алып тастар алдында телефонды сөндіріп, батарея-
сын алып тастаңыз. Содан кейін SIM-картаны шығарып аласыз.
Аккумуляторды қуаттау
Қуаттау құралының ұяшығын телефонға және қуаттау құралын электр
розеткасына қосыңыз.
Қуаттау құрылғысының ағытпасын телефонға қосқан кезде шамадан тыс
күш салмаңыз.
Электр розеткасы телефонға жақын орналасуы және оңай қолжетімді болуы
тиіс (ұзартқышты пайдаланбаған жөн).
Телефонды алғаш рет қолданар алдында аккумуляторды толық қуаттап
алыңыз (бұл шамамен 3 сағатты алады).
Аккумуляторды толық қуаттаған жөн.
Қуаттау аяқталған кезде, экрандағы бейнесі көрінбей қалады.
Телефонды қосу
батырмасын телефон қосылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Телефонды сөндіру
батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
Қызметтік ақпарат индикаторлары (белгілері)
Телефонның, қосулы функциялар мен қосымшалардың жұмыс істеу режимін
көрсету үшін дисплейдің жоғары жағында белгілер түріндегі ақпарат шығады.
Сигнал деңгейі. SIM1 (SIM2 дәл сондай) операторлары
желісінің қабылданатын GSM сигналыны деңгейінің көрсетілуі.
SMS. SIM1 (SIM2 дәл сондай) оқылмаған SMS хабарламала-
рының болуы.
Жауап берілмеген қоңыраулар. SIM1 (SIM2 дәл сондай) жауап
берілмеген қоңыраулардың болуын көрсету.
«Мәжіліс» бейіні қосулы.
Гарнитура. Гарнитура (құлаққап) қосулы.
Оятқыш қосулы.
BT қосулы.
Аккумулятор. Аккумуляторлы батареяның қуат деңгей-
інің көрсетілуі.
Телефон режимдері
Күту режимдері
Осы режимде телефон пернетақтасының бұғаттауы шешілген және телефон
экранында үй экранының суреті, сондай-ақ уақыт пен күн көрсетіледі.
Бұғаттау режимі
Блоктан шығару үшін ортаңғы батырманы, содан кейін белгісін басыңыз.
Батырманы күту режимінде блоктау үшін ортаңғы батырманы, содан кейін
белгісін басыңыз.
Негізгі функциялар
Нөмірді енгізу және қоңырау шалу
Қажетті нөмірді теріңіз. Абонентпен байланысу үшін Қоңырау батырмасын
басып, қоңырау шалынатын SIM-картаны (SIM1 немесе SIM2) таңдаңыз.
Телефон кітабынан нөмірді іздеу
Жазба кітабынан абонентті шақыру үшін бас экранда
батырмасының оң
жақ софтын басыңыз, немесе бас менюден «Байланыстар» дегенді таңдаңыз.
Сізге қажетті байланысты іздеу үшін айналдыру жолағын пайдаланыңыз неме-
се батырмасының көмегімен абонент есімінің әріптерін енгізіңіз. Байланыстың
толық карточкасын ашу үшін «Опцияға» кіріп, «Бөлшектер» дегенді таңдаңыз.
Сөйлесуді аяқтау
Кез келген сөйлесуді аяқтау үшін Сөйлесуді аяқтау батырмасын басыңыз.
Қоңырауға жауап беру
Кіріс қоңырауы кезінде телефон дыбыстық сигнал береді және/немесе
дірілдейді. Егер кіріс қоңырауы жүзеге асырылған телефон нөмірі телефон кіта-
бында жазылса, онда дисплейде осы телефон нөмірі сәйкес келетін абоненттің
аты шығады. Егер кіріс қоңырауының нөміріне сәйкес нөмір табылмаса, онда
қоңырау шалынған телефонның нөмірі ғана көрінеді. Нөмір немесе абонент
атының индикациясы «Нөмірді анықтауыш» қызметі болған жағдайда ғана
көрінеді. Қоңырауға жауап беру үшін Қоңырау батырмасын басыңыз.
Шұғыл қоңырау шалу
Телефоннан шұғыл қызметтерге SIM-картамен де, олар болмаса да қоңырау
шалуыңызға болады. Телефон тұрған қолдану аймағындағы кез келген
оператордың GSM желісінен шұғыл қоңырау шалуға болады. Шұғыл қоңырау
шалу үшін шұғыл қызмет нөмірін теріп, Қоңырау батырмасын басыңыз. Шұғыл
қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112. Оператор оны өз бетінше тоқтатқанша,
әңгімелесуді үзбеңіз.
Журнал
Күту режимінде қоңыраулар журналына кіру үшін
сол батырманы
басыңыз. Жауап берілмеген, Терілген, Қабылданған және Көтермеген қоңы-
раулары бар 4 қосымша бетке кіруге болады. Тізім толып қалған кезде, жаңа
нөмірлер бұрынғы нөмірлердің орнын басады.
Хабарламалар
Күту режимінде жаңа мәтіндік хабарлама жазу үшін оңға қарай Навигация
батырмасын басыңыз. Сіз орыс, латын, украин және қазақ символдарын
пайдалана отырып, мәтінді енгізе аласыз. Енгізу тілін күйіне келтіру үшін #
батырмасын басып, «Енгізу тілі» тармағын таңдаңыз.
Диктофон
Бас менюден «Құралдар» -> «Диктофон» дегенді таңдап алыңыз. Жазбаны
іске қосу үшін орталық батырманы басыңыз. Жазбаны аяқтау үшін Орталық
батырманы тағы басыңыз. Барлық жазбалар тек жады картасында сақталуы
мүмкін.
Ашық сөйлесу
«Ашық сөйлесу» режимін қосу /сөндіру Орталық батырманы басу арқылы
жүзеге асырылады.
Қоңырауға әуен қою
Бас менюден «Күйіне келтіру», одан кейін «Пайдаланушы бейіндерін»
таңдаңыз, одан кейін «Опциялар» және «Күйіне келтіру» батырмаларының
сол жақ софтын таңдаңыз. Пайда болған менюде «SIM1 кіріс қоңырауы»
немесе «SIM2 кіріс қоңырауы». 1-3 қоңырауы бұл алдын ала орнатылған
әуендер, егер Сіз қоңырауға өз әуеніңізді қойғыңыз келсе, «Файлдан таңдау»
тармағын таңдап алып, жады картасындағы файлды көрсетіңіз. .mp3, .mid,
.wav форматындағы файлдар қолданылады.
Телефонның қосымша мүмкіндіктері
Мультимедиа
Галерея
Фотокамерамен түсірілген бейнелерді қарап шығуға, не телефон жадында
немесе картада сақтаулы бейнелерді ашуға мүмкіндік береді.
Аудиоплеер және Бейнеплеер
Аудиоплеер және Бейнеплеер аудио және бейне файлдарды көрсетуге мүм-
кіндік береді. Сіз файлдардан плейпарақшаларды телефон жадына да, жады
картасына да жүктей аласыз.
Радио
Кез келген FM-радиостанцияны қосуға мүмкіндік береді. Жиілікті өзгерту үшін
сол/оң навигациялық айналдыру батырмаларын басыңыз. Дауыс «*» және
«#»батырмаларын басу арқылы реттеледі. Каналдар тізімін қарау, жазба енгізу
немесе FM-радиосын күйіне келтіру үшін «Опцияны» ашыңыз.
Құралдар
BT
Тізімнен BT таңдап алып, оны қосыңыз, одан кейін сіздің аппаратыңыздың
басқа құрылғыларға көрінуін іске қосыңыз.
«Менің құрылғыларым», одан кейін «Іздеу» дегенді таңдаңыз.
Тізімнен қосылу үшін құрылғыны таңдап алыңыз және ұштасу іске
қосылады.
Органайзер
Қоса салынған «Күнтізбе», «Оятқыш» және «Міндеттер» деген қосымшалар
сізге күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі.
Телефонды бұғаттау
Сіз өз телефоныңызды 4-8 цирфден тұратын кілтсөзбен бұғаттау аласыз.
Әдепкідей кілтсөз - 1234. Кілтсөзді ауыстыру үшін ескі кілтсөзді, одан кейін
жаңасын екі рет енгізіңіз.
Техникалық сипаттамалары
Қолданылатын желі стандарттары: GSM
50/900/1800/1900 МГц
Чипсет SC6533
1,77 дюймдік TFT QVGA экраны 128x160 нүкте
шешімімен
32 Гб дейінгі қолдауы
Қоса салынған микрофон және динамик
BT 2.0 қолдауы
Micro USB
Сыйымдылығы 800 мАч Li-ion аккумулятор
Екі SIM-карта қолдану
Мөлшері: 112*46.2*13 мм
Аккумуляторлы батареядан қуатталады.
Жұмыс температурасы диапазоны: -20 С-дан +55 дейін. Қоршаған ортаның
ылғалдылығы 5%-дан 95% дейін.
Жеткізу жиынтығы
Телефон
Қуаттау құрылғысы
Аккумуляторлы батарея
Пайдаланушы нұсқаулығы
Кепілдік талон
Жинақталымы қосымша хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін.
Сақтық шаралары
Ұялы құрылғымен жұмыс істер алдында, осы ақпаратты оқып
шығыңыз, әйтпесе бұл жарақаттанудың немесе құрылғының
жергілікті заңнамаға сәйкес келмеуінің себебі болуы мүмкін.
Аккумулятор:
Ток өткізетін материалдың ашық сымдарға жанасуы қысқа тұйықталу
туғызып, мүліктің бүлінуіне, жарақаттануға немесе от тұтануға әкеп соғуы
мүмкін. Электр энергиясының шығу қаупін болдырмау үшін, қуатталған
аккумулятормен, әсіресе, телефон қалтаңызда, сөмкеңізде немесе басқа
жерде металл заттармен бірге жатқан кезде, онымен жұмыс істеу кезінде аса
сақ болыңыз.
Ұялы құрылғыны судан қорғаңыз:
Ұялы құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.
Құрылғыны көлік құралын басқарған кезде пайдалану
Көлік жүргізу кезінде келген жердегі ұялы құрылғыны пайдалану заңдарын,
нормалары мен ережелерін міндетті түрде сақтаңыз. Өзіңіздің бар
назарыңызды көлік тізгіні мен жолға салыңыз; Егер қоңырау шалу қажет
болса, телефон тұтқасынсыз жұмыс істейтін сөйлесу құрылғысын немесе
құлаққапты пайдаланыңыз.
Құрылғыны ұшақта пайдалану
Ұялы құрылғы күрделі кедергілер туғызуы мүмкін, сондықтан ұшақ бортына
кірерде, өз ұялы құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны жарылыс жұмыстары жүргізілетін жерде пайдалану
Тиісті шектеулер, нормалар мен ережелерді міндетті түрде сақтаңыз және
ұялы құрылғыны жарылыс жұмыстары жүргізілетін жерлерде пайдаланбаңыз.
«Электронды құрылғыларды сөндіріңіз» деген ескертпе жазуы бар жерлерде
өз ұялы құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны ықтимал жарылғыш қауіпті атмосферасы бар жерлерде
пайдалану
Өз ұялы құрылғыңызды ЖЖС және отын және химиялық заттар құйылған
контейнерлерге жақын орналасқан жерлерде пайдаланбаңыз. «Электронды
құрылғыларды сөндіріңіз» деген ескертпе жазуы бар жерлерде өз ұялы
құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны медициналық құралдарға жақын жерде пайдалану
Медициналық мекемелердің жанында орнатылған арнайы белгілер жазылған
барлық жерлерде өз ұялы құрылғыңызды сөндіріп қойыңыз. Ұялы құрылғылар
кардиостимуляторлардың, есту аппараттарының және кейбір басқа да
медициналық трансплантациялық жабдықтардың жұмысына кері әсерін тигізуі
мүмкін. Өз ұялы құрылғыңызды кардиостимулятордың жанына қоймаңыз және
төс қалтаға салып жүрмеңіз.
Аксессуарлар және аккумулятор
Өндірушімен рұқсат етілген аксессуарларды, аккумуляторлар мен
қуаттау құрылғыларын пайдаланыңыз. Өндірушімен рұқсат етілмеген
аккумуляторларды пайдалану жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.
Балалардан қорғау
Ықтимал жарақаттануды болдырмау үшін балаларды телефонға,
аккумуляторға және қуаттау құрылғысына жақындатпаңыз.
Пайдалану және күтім жасау
Осы ұялы құрылғыға тиісінше күтім жасалуын қамтамасыз ету үшін, оны
мыналардың әсерінен қорғаңыз:
Кез келген сұйықтықтан: Құрылғыны судың, жаңбырдың, ылғалдың,
тердің және басқа да сұйықтықтардың әсерінен қорғаңыз.
Ұялы телефон
VERTEX M110
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Телефон құрылымы
1. Динамик
2. Дисплей
3. Батырмасының оң жақ софты
4. Батырмасының сол жақ софты
5. Орталық батырмасы
6. Навигация батырмасы
7. Қоңырауды қабылдау батырмасы
8. Қоңырауды аяқтау батырмасы
9. Батырма
10. Дыбыстық режимді белсендіру
батырмасы
11. Разъем Micro USB
12. Жыпылықтаған жарық
12
1
2
3 4
6
10
5
9
7
11
8
Қатты ыстық пен суықтан: Құрылғыны -10/14 төмен немесе 45/113
жоғары температураныңәсерінен қорғаңыз.
СВЧ-сәулеленуден: Телефонды қысқа толқынды пеште кептіруге
тырыспаңыз.
Шаң мен ластанудан. Телефонды шаңның, кірдің, құмның, тамақ
өнімдерінің немесе басқа да бөгде заттардың әсерінен қорғаңыз.
Сұйық тазартқыш құралдардан: Телефонды тазалау үшін тек жұмсақ
құрғақ матаны пайдаланыңыз. Спирттті немесе басқа да сұйық тазарту
құралдарын пайдаланбаңыз.
Механикалық әсерден: Телефонды құлатып алмаңыз.
Назар аударыңыз!
Өндіруші алдын ала хабарлаусыз телефонның жинақталымына, техникалық
және бағдарламалық қамтымынаөзгерістер енгізуге құқылы.
Бұл нұсқаулықты сақтамау телефонның істен шығуына және оның әрі қарай
кепілдік қызмет көрсетуден алып тасталуына әкеп соғуы мүмкін.
SIM карталардың бірінен/біріне шығыс/кіріс қоңырау келіп түскен кезде, екінші
SIM карта оператор желісінен ажыратылады. Бұл ретте екінші SIM картаға кіріс
қоңырауларды қабылдау мүмкіндігі болмайды.
Кіріс қоңыраулар туралы ақпараттың жоғалуын болдырмау мақсатында,
оператордың «Сізге қоңырау шалды» немесе басқа да ұқсас қызметтерін
белсендіру қажет.
Пайдаланушы нұсқаулығының кеңейтілген нұсқасы
www.vertex-mobile.ru сайтында орналастырылған.
VERTEX авторластырылған сервистік орталықтардың толық тізімін сондай-ақ
www.vertex-mobile.ru сайтынан қарауға болады.
Кепілдік ақпарат
Кепілдік телефонды сатып алған кезден бастап күшіне енеді. Аталған
жинақталымды ауыстырған жағдайда оларға жаңа кепілдік мерзім
белгіленбейді.
Кепілдік мерзімдер:
Негізгі бұйым – 12 (он екі) ай.
Батарея және қуаттау құрылғысы – 6 (алты) ай.
Басқа аксессуарлар – 3 (үш) ай.
1. Бұл кепілдік өндірушінің кінәсінен болған ақаулар мен бұзылуларға ғана
қолданылады.
2. Өндіруші негізгі бұйымға пайдалану ережелері сақталған жағдайда бұйым
дайындалған күннен бастап – 2 (Екі) жыл қызмет ету мерзімін белгілейді.
Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғанда өндіруші алдын алу жұмыстарын
жүргізу және бұйымның одан әрі қауіпсіз пайдаалнылуы жөнінде кеңестер алу
үшін Авторластырылған Сервистік Орталыққа (АСО) жүгінуге кеңес береді.
3. Егер ақаулық клиент құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде
туындаса (мысалы, механикалық бұзылулар немесе ылғал тию нәтижесінде),
кепілдік қызмет ету құқығынан айрылады.
4. Сатып алынған тауарда жетіспеушіліктерді байқаған жағдайда тұтынушы
талап ету тізімі мен тәртібі «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» РФ
Заңында белгіленген талаптар қоюға құқылы.
5. Құрылғыны пайдаланар алдында қоса берілген пайдалану нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз және оны қатаң сақтаңыз.
6. Кепілдік талон бұйымның моделі, сериялық нөмірі, сатылған күні, дұрыс әрі
нақты көрсетілсе және сатушы фирманы нақты мөрлері, сатушының қолдары
болған жағдайда ғана жарамды. Бұйым моделі мен сериялық нөмірі кепілдік
талонда көрсетілген моделі мен нөміірне сәйкес келуі тиіс.
Маңызды ақпарат
Осы құжатта аталатын тауар белгілері, компаниялардың, өнімдер мен
сервистердің атаулары тек олардың иелеріне ғана тиесілі.
Біз өз бұйымдарымыз бен қызметтерімізді жетілдіруге бар күшімізді саламыз
және осы бұйымның сипаттамасы мен оның бағдарламалық қамтымын,
сондай-ақ пайдаланушы нұсқаулығын қайта қарауға және оларға бұл
туралы хабарлаусыз өзгерістер енгізуге құқылымыз.
Бұл пайдалану нұсқаулығы осы телефонның қасиеттерін растау үшін емес,
оның мүмкіндіктерін жақсырақ пайдалану үшін арналған. Осы нұсқаулықта
көрсетілген барлық суреттер тек анықтамалар үшін арналған. Телефонның
және пернелердің сыртқы келбеті, сондай-ақ осы нұсқаулықта келтірілген
ақпараттың ішіндегілері сіздің телефондағы ақпараттан шамалы өзгешелеу
болуы мүмкін не. Оларды тікелей өз телефоныңыздан анықтап алуға
болады. Осы нұсқаулықта қарастырылатын кейбір қасиеттер желіге немесе
жазылымға байланысты болады. Өз қызмет көрсетушіңізге жүгінуіңізді
өтінеміз.
Құжат алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін шығарылған кездегі
ағымдағы ақпараттан тұрады. Құжатты дайындау кезінде ақпараттың
шынайылығын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салдық, алайда осы
құжатта келтірілген барлық пайымдаулар, мәліметтер мен ұсыныстар айқын
көрсетілген немесе тұспалданған (шынайылықтың немесе дұрыстығының)
кепілдігі болып табылады.
Нұсқаулықтағы сипаттамасы мен құрылғының шын мәніндегі
функцияларында бағдарламалық қамтым нұсқасына қарай біршама
айырмашылықтар байқалуы мүмкін.
Құрылғы тараптық тұлғалармен құрылғыда пайдалану үшін ұсынылатын
қосымшалар мен бағдарламалық қамтымды («Тараптық тұлғалардың
қосымшалары») қоса алғандағы деректерді қамтуы мүмкін. Бұл
құрылғыдағы үшінші тараптардың барлық қосымшалары қандай да бір
кепілдемелік, тура немесе жанама, оның ішінде, белгілі бір пайдалану үшін,
авторлық құқықтарды бұзбай басқа деректер мен қосымшалармен үйлесімді
тауар кепілдігінсіз, «қалай берілсе солай» ұсынылады.
Өндіруші компания зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды есеп ала
отырып ұялы құрылғылар өндірушісіне жүктелетін барлық міндеттемелерді
орындады. Өндіруші компания осы құрылғыда қосымшалары
пайдаланылатын үшінші тұлғалардың банкроттығы немесе ауқатсыздығы
үшін жауап бермейді.
Өндіруші компания тараптық тұлғалардың қосымшаларын пайдалану
немесе пайдалануға тырысу нәтижесінде туындайтын шағымдар, талап
арыздар немесе қандай да бір өзге іс-әрекеттер үшін жауап бермейді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде өндіруші компаниямен тегін ұсынылатын
тараптық тұлғалардың қосымшалары болашақта ақылы хабарландыруларды
таллап етуі мүмкін; өндіруші компания алдағы уақытта сатыпалушыларға
келтірілуі мүмкін қосымша шығындарға қатысты жауапкершіліктен бас
тартады.
Қосымшалардың болуы құрылғы пайдаланылатын елге байланысты
өзгертілуі мүмкін. Ешбір жағдайда өндіруші компания аталған құрылғының
қолжетімді қосымшалары мен бағдарламалық қамтымы, бір немесе
бірнеше қосымшаның болмауы және аталған қосымшаларды жоюдан кейін
туындауы мүмкін қандай да бір салдары үшін сатып алушының алдында
жауап бермейді.
Өндіруші мекен-жайы
COBEST TECHNOLOGY LIMITED, RM 1605C HO KING COMM CTR 2–16 FA YUEN
ST MONGKOK KLN, HONG KONG, CHINA.
КОБЕСТ ТЕХНОЛОДЖИ ЛИМИТЕД, РМ 1605С ХО КИНГ КОММ СТР 2–16 ФА УЕН
СТ МОНГКОК КЛН, ГОНКОНГ, КИТАЙ
Атауы және жері уәкілетті адам (импорттаушы)
ООО «Данал СПб», 196084, Санкт-Петербург, Мәскеу даңғылы, 109-үй,
литерi. A, 511
Ақпарат қарым-қатынас
info@danalspb.ru
Сауда белгісі
Vertex
Тағайындау
Бұл пайдаланушы терминал болып табылады арналған жабдықтар оператор
желілеріне қосылу Дауыс үшін 2G, 3G стандартты және мобильді деректер.
Ел өнім
Китай
Терминдер и шарттары қауіпсіз операциялық (Пайдалану)
Жабдық арналған жабық пайдалану қыздырылған бөлмелер кезінде қоршаған
0–35° С температура, және салыстырмалы ылғалдылығы 95% -дан жоғары.
Жабдықтар, олардың қызмет мерзімі ішінде мерзімді техникалық қызмет
көрсетуді талап етпейді. 2 жыл қызмет ету мерзімі.
Орнату шарттары және ережелері
Жабдықтарды орнату жүзеге асырылады пайдаланушы нұсқаулығын
айтуынша.
Терминдер е шарттары қойма
Жабдықтар сақталуы тиіс түпнұсқа жабық үй-жайда, Кезінде орау Air от -20 до
+45° С және салыстырмалы 95% артық емес ылғалдылығы.
Терминдер е шарттары қозғалыс (Тасымалдау)
Жеткізу және өңдеу жабдықтар ғана рұқсат етіледі бастапқы орау, кез келген
түрі Көлік шектеусіз арақашықтық.
Терминдер е шарттары іске асыру
Шектеусіз
Терминдер е шарттары қайта өңдеу
Өмірінің соңында жабдықтар, қараңыз қайта өңдеу үшін арнайы жинау
пункттері жабдықтар.
Терминдер е шарттары қосылу тоқ және басқа да техникалық Бастау
білдіреді, реттеу және басқарма берілген
Сәйкес шығарылады қолмен.
Туралы ақпарат шектеулер бірге пайдаланыңыз
ескере отырып, үшін мақсатты тұрғын пайдалану, коммерциялық
және өнім бағыттары
Жабдық арналған, Тұрғын үй, коммерциялық пайдалану е өндірістік аймақтар
жоқ қауіпті және зиянды әсері өндірістік факторлар. Жабдық арналған үздіксіз
тәулік бойы тұрақты жұмыс істейтін жоқ персоналдың болуы.
Туралы ақпарат алу үшін шаралар кезінде ақаулық жабдық
Жеткіліксіздігі анықталған жағдайда жабдықтар:
— Жабдық өшіріп
— Жабдықтар ажыратыңыз тоқ
— Сіздің қызмет хабарласыңыз.
Айы және жылы өндірістік
Пакетте көрсетілген құрылғы өндірісі күні.
Сәйкестікті белгісі
Кепілдік мерзімі: 12 ай
Өндірілген:
“Кобест Технолоджи Лимитед”,
РМ 1605С ХО КИНГ КОММ СТР 2-16 ФА УЕН СТ
МОНГКОК КЛН, ГОНГКОНГ, КИТАЙ
Қытайда жасалған.
Шағымын қабылдау ұйымдастыру:
ООО «Данал СПб», 196084, Санкт-Петербург,
Мəскеу даңғылы, 109-үй, литерi. A, 511
info@danalspb.ru
Импорттаушы:
ООО «Данал СПб», 196084, Санкт-Петербург,
Мəскеу даңғылы, 109-үй, литерi. A, 511
info@danalspb.ru