Haier LE65X7000U [43/68] Цифрлық теледидармен байланысты ақаулықтарды іздеу мен жою сурет пиксельдерге бөлінеді

Haier LE65X7000U [43/68] Цифрлық теледидармен байланысты ақаулықтарды іздеу мен жою сурет пиксельдерге бөлінеді
RU-1
9
9Артқы жарықдиодты жарықтамасы бар тегіс экранды теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықй
Ақауларды іздестіру жəне жою
Цифрлық теледидармен байланысты ақаулықтарды іздеу мен жою
Сурет пиксельдерге "бөлінеді"
Бұған пикселизация, кескінді тоңазыту, дыбыстарды жоғалту немесе жоғалту немесе сигнал қабылдаудың толық
болмауы кіреді.
Пиксельдендіру цифрлық сигнал жоғалғанда байқалуы мүмкін. Бұл əлсіз антенна сигналы (теледидар антеннасының
бөлімі) немесе кабель арқылы болуы мүмкін. Бұл жағдайда сигналды күшейткішті қолданыңыз. Күшейткішті немесе
алдын ала күшейткішті орнату ісін шеберге жүктеп беру ұсынылады. Мұндай шешім сигналды күшейтіп, проблеманы
жоюға мүмкіндік береді.
Егер де сіз спутниктік құрылғының көмегімен сигналды қабылдайтын болсаңыз, онда желден антеннаның қалпы
өзгермегендігіне немесе оны ағаштар жауып тұрмағандығына көз жеткізіп алыңыз. Сигналдың қабылдануына ештеңе
кедергі болмауға тиіс жəне де антенна мен спутниктің арасында, соның ішінде ағаштарда болмауға тиіс.
Болмаған арналар
Кейбір арналар болмауы мүмкін немесе сіз басқа аймаққа қатысты арналарды қабылдай аласыз. Кейбір жағдайларда
интерактивті қызметтер жұмыс істемейді (қызыл батырма). Əдетте, бұл əлсіз сигналға байланысты (теледидар
антеннасы бөлімін қараңыз)
ТД антенналар
Цифрлық сигнал қабылдаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін аналогты антеннаның көмегімен берілуі мүмкін,
сондықтан модернизациялауды талап етеді. Мысалы, бұл жағдайда сіз цифрлық арналардың тек бөлігін ғана
қабылдай аласыз. Бұл антеннаның тар жолақты екендігіне байланысты, сондықтан ол барлық арналарды кең
жолақты байланыспен ауыстыру қажет.
Кəбілдердің ақауланған кіріс-шығыстары
Теледидарды тексеріңіз. Теледидар мен оған жалғасқан жабдықтардың арасындағы барлық жалғастыратын
кəбілдерді тексеріп алыңыз. SCART ұяшықтары уақыт өте келе нашарлайтындығы бəршаға мəлім, нəтижесінде
сигналдың жоғалуы орын алатын болады. Бұл түстердің, дыбыстың жоғалуы немесе суреттердің айқынсыздығы
ретінде болып көрінетін болады. SCART штекерін ұяшығына барынша орнықтырыңыз.
HDMI тетіктерінде, егер штекер ұяшығына толығымен орныққанда ғана контакт жүзеге асырылатын болады. Бұл
жағдайда пластик бөлігі теледидардың корпусына сəл жанасып тұратын болады.
Сонымен бірге HDMI-порттары бар құрылғыларды қуаттаусыз тұрған теледидарға қосылу қажет болады. Əрқашан да
теледидар мен оған қосылған жабдықтарды сөндірі тастап отырыңыз. Барлық жалғағыштарды тексере отырып,
барлық құрылғыны өшіріңіз, одан кейін қайтадан қосыңыз.
Ұқсамайтын түстер мен терінің наша түсі
Табиғи емес түстер жаңа сандық теледидарларда да болуы мүмкін. Бұл яғни, суреттемесі көрмелік залда көрсетуге
арнап оңтайландырылғандығын білдіреді. Бұл мəселе кескін режимін «табиғи» күйіне өзгерту арқылы шешіледі. Егер
кескін режимі қанағаттанарлық нəтиже бермесе, «Image» мəзіріндегі контрастты жəне жарықтығын қолмен реттеңіз.
Ақ контур
Көрсетілген нысандардың айналасында ақ сызық байқалады, егер кескін тым өткір болса немесе теледидар
объектілердің анықтығын жақсарту үшін технологияны пайдаланса. Суретті баптау мəзірі арқылы қанықтығын реттеп
алыңыз (PICTURE MENU). Не болмаса объектілердің аса дəлдігін жоғарылату функциясын өшырып тастап көріңіз.
Үзік-үзік немесе фрагменттелген видео
Кейде видео үзіліп отыруы да мүмкін. Сигналдың күшін тексеріңіз. Егер де сигнал қалыпты болатын болса, онда
проблема сигналды жеткізушінің тарапынан болған болады. Сигнал əлсіз болғанда, күшейткіш құрылғыны
қолданыңыз.
Экранда сурет сыймайды.
Теледидарға немесе ноутбукке қосылғанда суреттің пішіні теледидардың пішінінен артып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда,
компьютердің амалдық жүйе параметрлерінде ажыратымдылықты лайықты деп өзгертіңіз (Windows үшін: Қосу >
Басқару панелі > Безендіру жəне персонализация > Дисплейді баптау). Немесе сурет параметрлеріндегі теледидарда
Auto / ZOOM1 / ZOOM2 параметрлерін ауыстырып көріңіз.
USB-құрылғыны қосу
Теледидар мынадай форматтағы файлдарды жүргізе алады: .jpg (суреттер) мен .mp3 (дыбыс). Бұл теледидар Apple
iPhone смартфондарын жəне iPod медиаойнатқыштарын сүйемелдемейтіндігіне назар аударыңыз. Теледидар басқа
да форматтағы файлдарды көрсете алады, алайда бұған кепілдік берілмейді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать