Polaris PMC 0509AD [36/47] Бұқтыру бағдарламасы

Polaris PMC 0509AD [36/47] Бұқтыру бағдарламасы
36
Құралды пайдалану
1. Мультипісіргіштің бірнеше функциялары бар: Сіз тағамды суға пісіре аласыз және дайын
тағамды қыздыра аласыз, буға пісіріп, бұқтырып, қуырып, пісіре аласыз.
2. Барлық жағдайда мультипісіргіштің панеліндегі кез-келген индикаторы жыпылықтаса, онда
құрал параметрлерді орнату процесінде екенін білдіреді. Үздіксіз жанған кез-келген индикатор
параметрлерді орнату процесінің аяқталуын, тағамды дайындау функциясының қосылуын
немесе тұрақты режимнің қосылуын, мысалы, «Қыздыру» режимі қосылуын мәлімдейді.
3. Тағам дайын болғаннан кейін, мультипісіргіш автоматты түрде «Қыздыру» режиміне ауысады.
«Қыздыру» режимін 3 сағаттан артық қолдануға болатынына қарамастан, бұл режимінде
тағамды ұзақ уақыт қалдырмауыңызға кеңес береміз, тағам ұзақ тұрып қалған жағдайда
онын түсі өзгеріп, өзі құрғап қалу мүмкін.
Тағамды жылыту үшін «Қыздыру» режимін қолданбаңыз. Бұндай мақсат үшін
«Жылыту» бағдарламасы қарастырылған.
«Қыздыру» режимі қосылу кезінде құралдың қақпағын жиі ашсаңыз, бұл су
жинағыштың толып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұған көңіл бөліңіз және су
жинағыштың ішіне су жиналып, толған сайын оны босатып отырыңыз.
3. Нұсқаулықпен мұқият танысып, ондағы ережелерді орындаңыз.
4. Орамасын ашыңыз. Аксессуарлардың бәрін және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты алып
шығыңыз. Тетікке басып, жоғарғы қақпақты ашыңыз.
5. Күюге қарсы жыбыны бар құралдың ішкі жағын тазарту үшін ыдыс жууға арналған губканы
пайдаланыңыз. Жуып болғасын, құралды мұқият сүртіңіз.
6. Барлық аксессуарды орнына қойыңыз.
7. Тағам әзірлеу алдында мультипісіргіштің ішкі және сыртқы жағы таза болуы тиіс, сондай-ақ,
ішкікастрөл мен қыздыратын қабаттың арасында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
8. Ішкі ыдысты (кастрөлді) мультипісіргішке салыңыз.
9. Кастрөлдің түбі мен тетіктері бар қыздыратын қабат қажетті орынға келгенге дейін, ішкі ыдысты
мультипісіргіштің ішінде айналдырып бұраңыз.
10. Қақпағының мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.
11. Мультипісіргіш розеткаға қосыңыз. Жоғарыда аталған нұсқаулар орындалмағанда, құралды
розеткаға қосуға болмайды
Құралды кастрөлсіз немесе бос кастрөлмен қосуға болмайды — бұл қауіпті.
12.Егер де, құрал қосылып тұрған кезінде, электр қуатын беруін кенет тоқтатқан болса, құралдың
жадысында 30 минут бойы пісіру процесіндегі соңғы орнатылған бағдарламаның реттеулері
сақталады.
«Бұқтыру» бағдарламасы
Барлық ингредиенттерді рецетураға сәйкес кастрөлге салыңыз.
1. «Бұқтыру/Күріш» батырмасын басыңыз. Содан кейін сәйкес индикаторы жанады. Дисплейде
«02:00» белгісі көрсетіледі - «Бұқтыру» бағдарламасы үшін үндеместен белгілеп қойылған
уақыт. Егер қажет болса, «+/-» батырмалары арқылы өзіңізге тиімді уақытты орнатыңыз.
Ықтимал диапозон 20 минуттан бастап 8 сағатқа дейін, қадамымен: 20 минуттан бастап 1 сағатқа
дейін- қадамы 5 минут, 1 саттан бастап 3 сағатқа дейін- қадамы10 минут, 3 сағаттан артық-
қадамы 30 минут. 3 секундтан кейін жарық индикаторының жыпылықтауы тоқталады, дайындау
уақыты бекітілді. Құрал автоматты түрде «Бастауды кейінге қалдыру» уақытты орнату режиміне
ауысады, содан кейін оған сәйкес индикаторы жыпылықтайды. Егер «Бастауды кейінге
қалдыру» режимінің уақыты орнатылмаса («Бастауды кейінге қалдыру» Функциясы пунктін
қараңыз), 3 секундтан кейін мультипісіргіш тағамды дайындау бастайды.

Содержание