Polaris PET 0914 Golf [20/29] Жалпы мәлімет

20
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PET 0914 Golf POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын электрлік тостер пісіргіш құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша тостер пісіргіш
құрылғы, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның
құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен
танысуға арналған.
2. Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Тостер пісіргіш құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген
талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың
электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша
тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын
ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл тостер пісіргіш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Тостер пісіргіш құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы тостер пісіргіш құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Тостер
пісіргіш құрылғының және оның электрмен қоректендіретін электрлі желілік баусымның
қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, тостер пісіргіш құрылғының қуат
өткізетін электр желілік баусымның айыртетігін электрлі желіге, ашалы розеткаға қосуға
мүлдем болмайды. Тостер пісіргіш құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның
көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны
қолданбаңыз. Тостер пісіргіш құрылғыны пайдаланбас бұрын, оны білікті маманға
көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеруі тиіс.
Тостер пісіргіш құрылғыны және оның электрлі желілік баусымын қыздыру не жылу
шығаратын көздерінен және өзге де электрлі құралдардан алыс қашықтықта
орналастырыңыз, құрылғы және оның электрлі желілік баусымы ыстық ауаның тікелей
күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де
жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың
бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған тостер пісіргіш құрылғыны қадағалаусыз
қалдырмаңыз! Егер Сіз құрылғыны пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріңіз.
Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеңіз.
Бұл тостер пісіргіш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін
тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны
қолдану білімі мен тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде
немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың алаларды қоса алғанда)
қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың
құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыздар! Электрлік тостер пісіргіш құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ
жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа да ыдыстардың қасында
пайдалануға болмайды.
Электрлік тостер пісіргіш құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырып салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолыңызбен құрылғыны ұстауға болмайды.
Электрлік тостер пісіргіш құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның
айыртетігін бірден электрлік қоректену желіден ажыратыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Какие функции выполняет тостер?
2 года назад