Scarlett SC-EG350E04 [10/21] Www scarlett ru sc eg350e04 10
![Scarlett SC-EG350E04 [10/21] Www scarlett ru sc eg350e04 10](/views2/1417001/page10/bga.png)
IM020
www.scarlett.ru SC-EG350E04
10
Өрт шығуына жол бермеу үшін аспап жұмыс істеп тұрғанда оның үстін жаппаңыз.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Егер бұйым біршама уақыт 0 ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап
шығарылған жылы.
Абайлаңыз! Беткі қабаты ыстық!
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Бұл аспапты ет, құс, балық, шұжық, көкөніс пен саңырауқұлақ, теңіз өнімдерін, бутерброд дайындау үшін,
сондай-ақ нанды және басқа да дайын өнімдерді қуыру үшін пайдалануға болады.
Алғаш рет тоққа қосқан кезде жаңа қыздырғыш элементтерден өзіне тән иіс және шағын көлемде түтін шығуы
мүмкін. Бұл олардың ақаулығының белгісі емес. Дайындалған тағамның бірінші үлесін тағамға пайдалануға
болмайды.
Алғаш рет тоққа қосардан бұрын аспаптың ішкі жағын сары маймен немесе өсімдік майымен майлаңыз.
Аспапты тоққа қосыңыз да, жабық күйінде 10 минут жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Аспапты тоқтан ағытыңыз да, ішкі жағын дымқыл таза шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Осы аспаптың ерекшелігі – тамақты қақпағы жабық күйде де, ашық күйде де дайындауға болады. Аспап 180
0
градусқа ашылады.
Сондай-ақ гриль қиыстырылған 2 жақты алмалы панельдермен жарақталған, бұл бір мезгілде екі тағамды
қатар дайындауға мүмкіндік береді.
Қалаған нәтижеге байланысты панельді тегіс немесе бұдыр жағын жоғары қаратып орнатыңыз. Аспапты
ашқаннан кейін бір панельде (тегіс) жұмыртқа қуыруға, ал екінші панельде (бұдыр) бургер қуыруға болады.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
«ON/OFF» - аспапты іске қосу және өшіру түймесі.
“Panini” – 210
0
С тамақ дайындау температурасы.
“Grill” – 220
0
С тамақ дайындау температурасы.
“LOW”:
Егер “Panini” бағдарламасын “LOW” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 185 ºC мәнін
құрайды.
Егер “Grill” бағдарламасын “LOW” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 195 ºC мәнін
құрайды.
“MIDDLE”:
Егер “Panini” бағдарламасын “MIDDLE” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 200 ºC мәнін
құрайды.
Егер “Grill” бағдарламасын “MIDDLE” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 210 ºC мәнін
құрайды.
“HIGH”:
Егер “Panini” бағдарламасын “HIGH” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 210 ºC мәнін
құрайды.
Егер “Grill” бағдарламасын “HIGH” режимінде пайдаланса, тамақ дайындау температурасы 220 ºC мәнін
құрайды.
ДАЙЫНДАУ
Панельдерді өзіңізге керекті жағымен орнатыңыз. Жұмыс панелін ағытып алу үшін панель бекіткішінің үстінен
басып алыңыз. Басқа панельді орнату үшін де бекіткіштің үстінен басып, панельді орнатыңыз да, содан кейін
бекіткішті босатыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз, осы түйменің индикаторы жанады.
Тамақ дайындаудың керекті режимін таңдаңыз да, тиісті түймені басыңыз, аспап керекті температураға жеткен
кезде, индикатор көк болып жанады.
Қақпағын ашыңыз, азық-түліктің тілімдерін ойықтарға салыңыз да, қақпағын тығыздап жабыңыз. Нәтижеге
тезірек жету үшін аспап жұмыс істеп тұрғанда қақпағын нығыздап жауып ұстап тұруға болады.
Тағам дайындау уақыты жеке таңдалады және азық-түліктің түріне, оның сипаттамаларына (температурасы,
қалыңдығы, мөлшері) және қажетті қуырылу дәрежесіне байланысты болады.
Стейктердің бетінде бұдыр ромбылар пайда болуы үшін шамамен 2,5 минуттан кейін стейкті аударыңыз да,
бастапқы қалпына тура перпендикуляр етіп салыңыз. Бұл орайда қысқашты және сүйемелдеу үшін ағаш
қалақшаны пайдаланған жөн.
Қақпағын ашыңыз да, ағаш қалақшамен дайын өнімді алып шығыңыз. Қаспаққа қарсы қабатын бүлдіріп алмас
үшін, бұл мақсатта металдан жасалған өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Егер аспап пайдаланылмаса, оны жабық күйде ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Тазалар алдында аспаптың электр желісінен ағытылғанына көз жеткізіңіз.
Содержание
- Gb electric gril 1
- Instruction manual руководство по эксплуатации інструкція з експлуатації пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1
- Sc eg350e04 1
- Www scarlett ru sc eg350e04 5 5
- Www scarlett ru sc eg350e04 6 6
- Www scarlett ru sc eg350e04 7 7
- Www scarlett ru sc eg350e04 8 8
- Www scarlett ru sc eg350e04 9 9
- Www scarlett ru sc eg350e04 10 10
- Www scarlett ru sc eg350e04 11 11
- Www scarlett ru sc eg350e04 12 12
- Www scarlett ru sc eg350e04 13 13
- Www scarlett ru sc eg350e04 14 14
- Www scarlett ru sc eg350e04 15 15
- Www scarlett ru sc eg350e04 16 16
- Www scarlett ru sc eg350e04 17 17
- Www scarlett ru sc eg350e04 19 19
Похожие устройства
- Scarlett SC-EG350E05 Инструкция по эксплуатации
- Shivaki BMR-1884NFW Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-1636 Инструкция по эксплуатации
- Babyliss ST460E Инструкция по эксплуатации
- Babyliss ST430E Инструкция по эксплуатации
- Hotpoint-Ariston M 64 T GH IX Инструкция по эксплуатации
- Braun Oral-B Teen D601.523.3 Инструкция по эксплуатации
- Braun Oral-B Vitality D12.513.1K Incredibles2 Инструкция по эксплуатации
- Tefal Pro Express Ultimate GV9591E0 Инструкция по эксплуатации
- Planta PLH-1000 Salon Pro Инструкция по эксплуатации
- Planta PLH-330 Advanced Touch Инструкция по эксплуатации
- Hotpoint-Ariston MQ 64 GH BK Инструкция по эксплуатации
- AEG IKR64441FB Инструкция по эксплуатации
- AEG IKR64443FW Инструкция по эксплуатации
- Samsung FW77SUW Инструкция по эксплуатации
- Miele SGDA3 Complete C3 Pure/Red PowerLine ежевичный кр Инструкция по эксплуатации
- Miele SKRR3 Blizzard CX1 Jubilee PowerLine белый лотос Инструкция по эксплуатации
- Miele SKRR3 Blizzard CX1 Jubilee PowerLine чёрный обсид Инструкция по эксплуатации
- Tefal CY621D32 Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-715 Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения