Buderus SNB200(W) [15/68] Қызмет көрсету

Buderus SNB200(W) [15/68] Қызмет көрсету
9 Қызмет көрсету
SNB160(W) | SNB200(W) | SUB300(W) | SBB200(W) | SMB300(W) – 6 720 811 177 (2014/04)
15
ызмет көрсету
Барлық қызмет көрсету жұмыстарының алдында жылы су
контейнерін жеткілікті деңгейге дейін суытыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
көрсетілген аралықтар бойынша жүргізіңіз.
Анықталған ақауларды дереу жойыңыз.
Тек түпнұсқа бөлшектерді пайдаланыңыз!
9.1 Техникалық қызмет көрсету аралығы
Техникалық қызмет көрсету өткізгіштік, жұмыс температурасы және
судың қаттылығына байланысты жүргізілуі тиіс ( 8 кестесі).
Хлорлы ауызсуды пайдалану және жеңілдету құрылғыларын
қолдану кезінде қызмет көрсету аралығы қысқарады.
Су сапасы туралы мәліметті жергілікті сумен жабдықтау
мекемесінен алуға болады.
Су құрамы мен сапасына байланысты аталған көрсеткіштерден
ауытқулар болуы мүмкін.
9.2 Техникалық қызмет көрсету
9.2.1 Қорғаныс клапанын тексеру
Қорғаныс клапанын жыл сайын тексеріңіз.
9.2.2 Жылы су контейнерін әктен тазарту/тазалау
Жылы су контейнерін босатыңыз ( 23 суреті, 65-бет).
Жылы су контейнерін ауызсу құятын жағынан желіден алыңыз:
Жапқыш клапандарды жабыңыз ( 24 суреті, 66-бет).
Су бөлетін шүмекті ашыңыз.
SNB160, 200 және SBB200 үшін:
Магний анодын ажыратыңыз ( 27 суреті, 66-бет).
SUB300 және SMB300 үшін:
Люк қақпағын алыңыз ( 19 суреті, 64-бет).
Жылы су контейнерінің ішкі бөлігінде ластануды (әктің түзілуін)
тексеріңіз.
Әк аз суларда:
Қондырғыны жиі тексеріңіз және ластанудан тазартыңыз.
-немесе-
Құрамында әк көп суларда және шамадан тыс ластануларда:
Жылы су контейнерін химиялық жолмен әктен тазартыңыз
(мысалы, лимон қышқылы негізіндегі әк ерітетін құрал көмегімен).
Жылы су контейнерін бүркіңіз ( 20 суреті, 65-бет).
Қалдықтарды құрғақ немесе дымқыл сорғыш құрылғылармен
тазартыңыз.
SNB160, 200 және SBB200 үшін:
Магний анодын жаңадан орнатыңыз ( 29 суреті, 67-бет).
SUB300 және SMB300 үшін:
Тексеру саңылауын жаңа бұрандамен бекітіңіз.
Жылы су контейнерін қайтадан іске қосыңыз (
6
тарауы,
14
-бет).
9.2.3 Магний анодын тексеру
Магний аноды жылы су контейнерінің іске қосылу кезінде
пайдаланылады.
Салқын судың ағуын тоқтатыңыз.
Жылы су контейнерін қысымнан босатыңыз
( 22 суреті, 65-бет).
Магний анодын орнатыңыз және тексеріңіз
( 27 суреті, 66-бет және 28 суреті, 67-бет).
Диаметр < 15 мм болған жағдайда, магний анодын
алмастырыңыз.
Су қаттылығы °dH бірлігімен 3... 8,4 8,5...14 >14
Кальций карбонатының
концентрациясы mol/ m³
бірлігімен
0,6...1,5 1,6...2,5 >2,5
Температуралар Айлар
Әдеттегі шығын жұмсалғанда (< ресивер көлемі/24 сағ)
<6C 24 21 15
60...70 °C 21 18 12
>7C 15 12 6
Арттырылған шығын жұмсалғанда (> ресивер көлемі/24 сағ)
<6C 21 18 12
60...70 °C 18 15 9
>7C 12 9 6
Кесте 8 Техникалық қызмет көрсету аралығы ай бойынша
Тазалау әсерін арттыру үшін, жылу алмастырғышты
бүрікпестен бұрын қыздыру керек. Жылу әсерінен
қабыршақтар (мысалы, әк) тез тазарады.
Магний аноды сәйкес орнатылмаса, жылы су
контейнерінің кепілдігі жойылады.
Магний анодының бетіне май тигізуге болмайды.
Тазалықты сақтаңыз.

Содержание

Скачать