Scarlett SC-EG350M03 [9/10] Абайлаңыз беткі қабаты ыстық

Scarlett SC-EG350M03 [9/10] Абайлаңыз беткі қабаты ыстық
IM020
www.scarlett.ru SC-EG350M03
9
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік
қызмет немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Ақаулық байқалған жағдайда жақын
жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қорек сымының өткір жиектер мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан ұстап тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғының корпусын айналдыра
орамаңыз. Аспаптың түбінде сымды сақтауға арналған арнайы ұя қамтамасыз етілген.
Аспап толық суымайынша оны орнынан қозғауға болмайды.
Азық-түлікті ешқашан өткір заттармен алуға болмайды, бұл қыздырғыш элемент пен
жабыспайтын қабатты бүлдіруі мүмкін.
Абай болыңыз: аспап жұмыс істеп тұрғанда оның металдан жасалған бөлшектері қатты қызып
кетеді.
Аспапты тез тұтанатын материалдардың, мысалы, перденің жанында немесе астында
пайдалануға болмайды.
Өрт шығуына жол бермеу үшін аспап жұмыс істеп тұрғанда оның үстін жаппаңыз.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс
мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар
алдында бөлме температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға
арналмаған.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
Абайлаңыз! Беткі қабаты ыстық!
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
ЖҰМЫСЫ
Бұл аспапты ет, құс еті, балық, шұжық, көкөніс пен саңырауқұлақ дайындау үшін пайдалануға
болады.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Алғаш рет тоққа қосқан кезде жаңа қыздырғыш элементтерден өзіне тән иіс және шағын
көлемде түтін шығуы мүмкін. Бұл олардың ақаулығының белгісі емес. Дайындалған тағамның
бірінші үлесін тағамға пайдалануға болмайды.
Алғаш рет тоққа қосардан бұрын аспаптың ішкі жағын сары маймен немесе өсімдік майымен
майлаңыз.
Аспапты тоққа қосыңыз да, жабық күйінде 10 минут жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Аспапты тоқтан ағытыңыз да, ішкі жағын дымқыл таза шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ДАЙЫНДАУ
Аспапты электр желісіне жалғаңыз, қызыл түсті қуат индикаторы жанады.
Аспап жұмыс температурасына жеткенде, жасыл индикатор жанады, бұл тамақ дайындауды
бастауға болатынын білдіреді.
Қақпағын ашыңыз, азық-түліктің тілімдерін салыңыз да, қақпағын тығыздап жабыңыз.
ЕСКЕРТУ! Жұмыс істеп тұрған кезде аспаптың қақпағына тиіспеңіз, ол қатты қызып кетеді.
Тағам дайындау уақыты азық-түліктің түріне, оның сипаттамаларына (температурасы,
қалыңдығы, мөлшері) және қажетті қуырылу дәрежесіне байланысты болады. Ет пен балықтың
әр түрлері үшін ол 7 минутты, көкөніс үшін 2-5 минутты құрайды.
Егер ет пен көкөністің көп мөлшерін қуыру қажет болса, ашу тетігін басу арқылы грильді 180°
градусқа ашыңыз. Бұл орайда дайындау температурасы төменірек болады, сондықтан дайындау
уақытын кем дегенде 1,5 есе арттырған дұрыс.
Тағам дайындау барысында қажет болмаса, қақпағын көтермеуге тырысыңыз. Көтере берсеңіз,
грильдің ішіндегі жылудың сыртқа кетінің салдарынан стейкті ұзағырақ дайындауға тура келеді
де, бұл еттің шамадан тыс қуырылу мүмкіндігін арттырады.

Содержание

Скачать