Galaxy GL2622 [11/18] Жалпы деректер

Galaxy GL2622 [11/18] Жалпы деректер
11
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
GALAXY GL2622 екі конфоркалы шағын пеш (ары қарай мәтін бойынша шағын-пеш, құрал, электр
құралы) тұмпапеші бар ықшам электр плитасы және кішкентай пәтерлер үшін және саяжай шарттарын-
да таптырмас шешім болып табылады. Тұмпапеш екі қыздырғыш элементтермен (үстіңгі және астыңғы)
жабдықталған және оларды үш қиыстырудың кез келгенін іске қосуға мүмкіндік береді: үстінен , астынан
және бір уақытта астынан және үстінен қыздырумен. Шағын-пеш корпусының үстінде тағамды ысытуға бо-
латын екі конфорка орналасқан. Тұмпапеште етті, тосттарды, пиццаны дайындауға немесе көкөністерді,
балықты қыздырып немесе бұқтырып пісіруге, бәлішті және қамырдан басқа да тағамдарды пісіруге бола-
ды. 100 л сыйымдылығының және 4 деңгейінің арқасында Сіз тұмпапеште бірнеше тағамды бір уақытта
дайындай аласыз. Дайындау процесі айналушы тұтқалармен қарапайым механикалық басқару жүйесінің
көмегімен басқарылады. Тұмпапештің есігі «өзіңізге» ашылады. Тұмпапеште кіріктірілген жарықтандыру
болады, сондықтан Сіз дайындау уақытында процесті есікшедегі мөлдір шыны арқылы бақылай аласыз.
Жиынтықта дайындау үшін барлық қажеттілер болады – қаңылтыр таба, тор және оларды ұстағыш.
Құралдың құрылымы ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», сонымен қатар
ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» регламенттерінің талаптарына
сәйкес болады.
Тауар сертификатталған.
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
2 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
3 ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1 кесте
2 кесте
Параметрдің атауы Мәні
Электр қуат беру 220-240 В ~ 50 Гц
Тұмпапештің үстіңгі және астыңғы
қыздырғыш элементтерінің бір
уақытта жұмыс жасау кезіндегі қуаты
2700 Вт
Үстіңгі қыздырғыш элементтердің
жұмысы кезіндегі тұмпапештің қуаты
1350 Вт
Астыңғы қыздырғыш элементтердің
жұмысы кезіндегі тұмпапештің қуаты
1350 Вт
Сол жақ конфорканың қуаты 1100 Вт
Оң жақ конфорканың қуаты 1100 Вт
Көлемі 100 л
Конфоркалардың диаметрі 185 мм
Атауы Саны
Екі конфоркалы шағын-пеш 1 дана
Қаңылтыр таба 1 дана
Тор 1 дана
Қаңылтыр табаға және торға
арналған ұстағыш
1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана
Тұтынушылық қаптама 1 дана

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения