Galaxy GL6124 [14/18] Сақтау және техникалық қызмет көрсету

Galaxy GL6124 [14/18] Сақтау және техникалық қызмет көрсету
14
14
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KZ
құрыс-тырыстарын тегістеу қажет болса, бүріккіш саңылауды мата бұйымына бағыт-
таңыз және бүріккіштің батырмасын басыңыз. Егер қуатты бу соққысы керек болса, та-
банды мата бұйымына бағыттаңыз және бу беру батырмасын басыңыз. Бу беру режимін-
де үтікті буландыру үшін қолдануға болады. Үтіктеу кезіндегі үзілістерде үтікті табанға
ғана қойыңыз. Жұмысты аяқтай отырып, бу берілуін реттеуішті минималды күйге және
тепрература реттеуішті «Мин» күйіне орнатыңыз. Үтікті қуат беру желісінен ажыратыңыз
және резервуардағы судың қалдықтарын төгіп тастаңыз.
Құрылғы тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
Үтіктеуді төменгі температураны талап етуші матадан бастаған дұрыс болады. Бұл күті
уақытын қысқартады (үтік суынуына қарағанда тезірек қызады) және матаның бүліну қа-
упін төмендетеді. Егер Сіз үтіктеу процесінде берілген температураны кемітсеңіз, онда
үтіктің берілген температураға дейін суынуы үшін 3-4 минуттай тосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз матаның типін білсеңіз, бұйымның жиектерін ішкі
жағынан үтіктеуге тырысып көріңіз. Жібек, жүн және синтетика бұйымдарын жылтырау
іздерінің пайда болуын болдырмау үшін ішкі жағынан үтіктеу ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтік қызғанша дейін бу беріді реттеуішті қолдану ұсынылмайды.
Кері жағдайда электр құралының табанында су тамшыларының пайда болуы мүмкін бо-
лады. Реттеуішті құралдың қажетті температураға жеткеннен кейін бу беру күйіне ауы-
стырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал мата бұйымын үтіктеуге және буландыруға ғана арналған.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
- Құралды алып тастаудың алдында, оның суынуын тосыңыз.
- Құралды құрғақ, балалар мен жануарларға қолжетімді емес орында сақтау керек.
- Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану кезеңінен өткен суды
(сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
- Резервуарда қалған суды әрдайым төгіп отырыңыз.
- Үтіктің табанынан қақты және басқа да ластануларды Сіз дымқыл матаның көмегімен
кетіре аласыз. Құралды тазалау үшін үтіктің табанының бедерін және электр құралының
корпусын бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын және басқа да химиялық зат-
тарды қолданбаңыз.
- Өздігінен тазалау атқарымын орта есеппен әрбір екі жұмада қолдану керек (су неғұр-
лым кермектеу болса, соғұрлым бұл атқарымды жиірек қолдану керек). Резервуарды
«Макс.» («MAX») белгісіне дейін сумен толтырыңыз. Бу реттеуішті максималды деңгей
белгісіне дейін ауыстырыңыз және құралды қуат беру желісіне қосыңыз. Қыздыру инди-
каторы жанған кезде, құралды желіден ажыратыңыз. Үтікті көлденеңінен ұстаңыз және
өздігінен тазалау батырмасын басыңыз. Бұл ретте үтікті шайқау ұсынылады. Қақтарды
кетіру үшін бу соққысын қолданыңыз. Егер үтікте көп қақтар қалып қойса, тазалауды қай-
талаңыз. Үтікті тігінен қойыңыз, құралды желіге қосыңыз және оны табанының кебуіне
дейін қыздырыңыз. Сосын, қыздыру индикаторы сөнгеннен кейін, үтікті желіден ажыра-
тыңыз. Су қалдықтарын кетіру үшін үтіктің табанын бірнеше рет қандай болмасын ескі
матаға жүргізіңіз.
Скачать