Galaxy GL4302 [10/14] Қолданыстағы тарифке сай авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы

Galaxy GL4302 [10/14] Қолданыстағы тарифке сай авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
10
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі шарттарды сақтаған
кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Құралдың корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
2. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220-240 В, 50 Гц
мәндеріне сәйкес келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
3. Құралды желіден ажырату кезінде сымнан емес, істікшеден ұстау керек болады.
4. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
5. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс
аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
6. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден басқа кез келген мақсаттар үшін
қолданбау керек. Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
7. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды бүлінулер бар болған жағдайда
қолдануға тыйым салынады.
8. Желілік кабель бүлінген жағдайда қауіп-қатерге жол бермеу үшін оны өндіруші немесе
оның агенті, немесе аналогтік білікті тұлға ауыстыруы керек. Желілік кабельді ауыстыру
қолданыстағы тарифке сай авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы
керек.
9. Электр құралын егер жану немесе жарылу қаупі бар болған жағдайда қолданбаңыз,
мәселен, тез жанғыш сұйықтықтар мен газдың жанында.
10. Іске қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз.
11. Құралды желіге қосудың алдында ауа ағынының жылдамдығын ауыстырғыштың «0»
(«сөндірулі») күйінде тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз.
12. Жұмыс істеп тұрған құралды салмаңыз.
13. Құралдың қорғаныс торына шаштардың түсіп кетпеулерін қадағалаңыз.
14. Жиынтыққа кіретін саптаманы ғана қолданыңыз.
15. Электр құралын сақтауға алып тастаудан бұрын оның суынуын тосыңыз. Қуат беру
баусымын электр құралы корпусының айналасына орамаңыз.
16. Ауа айналымы өтетін саңылауды жаппаңыз, сонымен бірге қосылған фенді жұмсақ бет-
терге қоймаңыз, мәселен, төсекке немесе диванға, киімдерге, себебі желдеткіш саңылау
жабылып қалуы мүмкін.
17. Электр құралын ылғалды ортадан немесе электр құралына қандай да болмасын
сұйықтықтардың шашырандылары тиіп кетуі мүмкін болатын жерлерде қолданбаңыз.
Электр құралын жуыну бөлмесінде, хауыздардың немесе басқа да су көздерінің маңында
қолдану ұсынылмайды.
18. Ыстық ауа ағынын көздерге, қолдарға немесе әсіресе ыстық ауаға сезімтал дененің
басқа бөліктеріне бағыттамаңыз.
19. Ванна бөлмесінде фенді қолдану кезінде құралды қолданудан кейін желіден ажырату
қажет, себебі судың жақындығы фен тіпті сөндірулі болған кезде де қауіп төндіреді.
20. Қосымша қорғаныс үшін ванна бөлмесінде электр қуат беру шынжырында 30 мА
аспайтын атаулы іске қосылатын тоғымен қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан
дұрыс болады. Кеңес алу үшін білікті маманға жүгіну керек.

Содержание

Скачать