Galaxy GL4328 [11/14] Егер электр құралы істен шықса оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз міндетті

Galaxy GL4328 [11/14] Егер электр құралы істен шықса оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз міндетті
11
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KZ
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Қуат беруші желі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәйкестілігін
тексеріп және ажыратқыштың «СӨН» күйінде тұрғандығына көз жеткізе отырып,
қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз және электр құралын қолға
алыңыз. Сізге қажетті ауа ағынының жылдамдығын (және температуралық режимді)
тиісті ажыратқыштардың көмегімен таңдаңыз. Саптама-концентраторды дымқыш
шаштарға, кептіруге тиісті затқа немесе бетке бағыттаңыз. Электр құралын тым
жақын жақындаутуға болмайды. Қашықтық кем дегенде 15 см болуы керек.
«Суық ауа» атқарымын қолдану қажет болған жағдайда тұтқадағы тиісті батырманы
басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек шаштарды және басқа заттарды немесе ыстық
ауаға төзімді беттерді кептіруге арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралы жұмыс істеп тұрған кезде иондану тұрақты
жұмыс істейді.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
- Құралды құрғақ, балалар мен жануарларға қолжетімді емес орында сақтау керек.
- Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш құралды
қолданбаңыз.
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Міндетті
түрде авторландырылған сервистік орталыққа баруды ұсынамыз.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана тасымалдау
керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген температурада
сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде екі сағаттай ұстау қажет.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян келтіреді.
Ақаулы құралдарды, сонымен бірге қуат берудің пайдаланылған элементтерін
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған
құралдарды кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық құралдар мен
пайдаланылған қуат беру элементтерін қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттерінің
мекен-жайларын Сіз өз қалаңыздың муниципалдық қызметтерінен ала аласыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения