Galaxy GL4220 [12/16] Назар аударыңыз ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не

Galaxy GL4220 [12/16] Назар аударыңыз ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не
KAZ
12
12
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не-
месе есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті қабылдауға
кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау керек, және құралды
осындай жағдайлардағы және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау ке-
рек болады! Қолданушы электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материал-
ды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз. Электр құралын бірінші
рет қолданудың алдында, заряд деңгейі төмен кезде, сонымен бірге
ұзақ мерзімдік үзілістен кейін оны пайдалану үшін электр құралының
аккумуляторлық батареясын зарядтап алу қажет болады. Зарядтау үшін
USB кабелдің істікшесін электр құралының төменгі бөлігінде орналасқан
қуат беру жалғағышына қосыңыз және USB кабелді 220-240 В ~ 50
Гц мәндеріне сәйкес желіге қосылған желілік зарядтау құрылғысының
USB бортына қосыңыз. Қызыл түспен заряд индикаторы жанады.
Электр құралын 0°С-тан төмен және 40°-тан жоғары температура-
да зарядтамаңыз, себебі бұл аккумулятордың энергосыйымдылығын
айтарлықтай кемітуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Аккумулятордың толық
зарядталуы үшін шамамен 1.5 сағат талап етіледі. Аккумуляторы толық
зарядталған электр құралымен жұмыс жасау ұзақтығы 2 сағаттан аспай-
ды. Аккумулятор толық зарядталған кезде заряд индикаторы жасыл
түспен жанатын болады.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Іске қосу және сөндіру
Электрқұралын іске қосу үшін іске қосу/сөндіру батырмасын бір рет
басыңыз. Электр құралын сөндіру үшін іске қосу/сөндіру батырмасын тағы
да басыңыз.
Қыру және пішін беру
Электр құралын іске қосқаннан кейін жүзді теріге қойыңыз және электр
құралын үстінен астына немесе шаштың өсуіне қарсы жүргізіңіз. Қыл
шаштардың тегіс сұлбаларын жасау үшін жүзді оның бір жағы теріге жа-
насатындай етіп тері беттеріне перпендикулярлы орналастырыңыз. Электр
құралын іске қосыңыз және оны жеңіл басумен тура жүргізіп отырыңыз.
Электр құралын гелмен немесе көбікпен жабылған құрғақ немесе дымқыл
теріні өңдеу үшін қолдануға болады.
Қыл шаштарды саптамалардың көмегімен тегістеу
Қыл шаштардың қажетті ұзындығын таңдау үшін 1,3 немесе 5 мм сапта-
маны қолданыңыз. Саптаманы жүзге саптамалардың тісшелері жүздің Сіз
қолданайын деп жатқан жақта орналасатындай етіп орнатыңыз. Электр
құралын іске қосыңыз және, саптаманы теріге қыса отырып, құралды
жоғары немесе шаштың өсу бағытына қарсы орнын ауыстырып отырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Сколько заряжать по времени?
4 года назад