Hottek HT-972-002 [19/22] Қаспақты тазалау

Hottek HT-972-002 [19/22] Қаспақты тазалау
KAZ
19
Құралды қондырғыға қойыңыз. Құралдың негізі қондырғыға нақты
отыруы керек.
Айырды жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз.
«O/I» айырып-қосқышын (5) «I» күйіне ауыстырыңыз. Құралды
қосқан кезде, құралдың жарықтандыру қосылады. Қызу басталады.
Құралдың сабынан басқа ешқандай жеріне қолыңызды тигізбеңіз.
Су қайнаған кезде, құрал автоматты түрде өшеді. «O/I» айырып-
қосқышы автоматты түрде (5) «O» күйіне ауысады. Сонымен қатар,
құралды қолмен «O/I» айырып-қосқышы (5) «O» күйіне ауыстыру
арқылы өшіруге болады.
Құралды қондырғыдан алып, абайлап суды кеселерге құйыңыз.
Құрғақ түрде қайнату қорғанысы
Егер шәйнектің ішінде су болмай немесе судың мөлшері жеткіліксіз
болып, абайсызда қосып алсаңыз, орнатылған қорғаныс қызуды
автоматты түрде сөндіреді. Бұл жағдайда айырды дереу розеткадан
ажыратып, құралды 5-10 минут суытыңыз және тек соданы кейін
құралға су құйып, қайта қосыңыз. Құрал әдеттегідей жұмыс жасайды.
Құралды тазалау
Тазалар алдында айырды розеткадан суырып алып, құралдың
суығанына көз жеткізіңіз.
Тазалауға абразивті заттар пайдаланбаңыз.
Шәйнектің сыртын жұмсақ суланған шүберекпен немесе жұмсақ
тазалағыш құралмен сүртіңіз. Кір мен дақтарды ыдыс жуу
құралының ерітіндісіне салынған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Құралдан қақты әрдайым тазартып тұрыңыз. Ол әсіресе
қыздыратын элементте пайда болады және қызуға кедергі жасайды.
Қақтың пайда болу жылдамдығы судың қаттылығына және құралды
пайдалану жиілігіне байланысты болады.
Қаспақты тазалау
Құрал қайнағанға дейін сөніп қалса, оның ішінде құралған қаспақтан
тазарту керек.
Қаспақты әрдайым тазартып отыру керек, құралды қалыпты
пайдаланғанда – жылына 2 реттен кем емес.
Қаспақты тазарту үшін, нұсқаулықта көрсетілгендей құралда
ерітіндіні бірнеше рет қайнатыңыз. Сосын ерітіндіні төгіп тастап,
құралды дұрыстап шайқаңыз.

Содержание

Скачать