Hottek HT-970-003 [18/19] Назар аударыңыз

Hottek HT-970-003 [18/19] Назар аударыңыз
KAZ
18
құралды қолмен «O/I» айырып-қосқышы (5) «O» күйіне ауыстыру
арқылы өшіруге болады.
Құралды қондырғыдан алып, абайлап суды кеселерге құйыңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнекті сусыз қосуға қатаң түрде тыйым салынады!
Құралды тазалау
Тазалар алдында айырды розеткадан суырып алып, құралдың
суығанына көз жеткізіңіз.
Тазалауға абразивті заттар пайдаланбаңыз.
Шәйнектің сыртын жұмсақ суланған шүберекпен немесе жұмсақ
тазалағыш құралмен сүртіңіз. Кір мен дақтарды ыдыс жуу құралының
ерітіндісіне салынған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Құралдан қақты әрдайым тазартып тұрыңыз. Ол әсіресе қыздыратын
элементте пайда болады және қызуға кедергі жасайды. Қақтың пайда
болу жылдамдығы судың қаттылығына және құралды пайдалану
жиілігіне байланысты болады.
Қаспақты тазалау
Құрал қайнағанға дейін сөніп қалса, оның ішінде құралған қаспақтан
тазарту керек.
Қаспақты әрдайым тазартып отыру керек, құралды қалыпты
пайдаланғанда – жылына 2 реттен кем емес.
Қаспақты тазарту үшін, нұсқаулықта көрсетілгендей құралда ерітіндіні
бірнеше рет қайнатыңыз. Сосын ерітіндіні төгіп тастап, құралды
дұрыстап шайқаңыз. Қаспақты сонымен қатар қарапайым сірке суының
көмегімен тазартса болады.
Ол үшін құралға келесі пропорцияда ерітіндіні максималды көрсеткішке
дейін құйыңыз: 1 мөлшер сірке суы және 2 мөлшер су. Құралды қосып,
автоматты өшкенше күтіңіз. Ерітіндіні құралдың ішінде түнге қалдырыңыз.
Келесі таңда құралдан ерітіндіні төгіңіз. Құралға таза суды ең жоғарғы белгіге
дейін құйып, қайнатыңыз. Қайнаған суды ерітіндінің қалғанынан босату үшін
төгіңіз. Таза сумен мұқият шайқаңыз.
Құралды сақтау
Құралды желіден ажыратыңыз, суытып, құрғатып сүртіңіз.
Құралды таза, құрғақ жерде сақтаңыз.
Тоқ сымын жинап қою үшін қондырғының текше орамына ораңыз.
Құралды ешқашан тоқ сымына іліп қоюға болмайды!
Скачать