Hottek HT-969-1002 — құралды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар [18/24]

Превью страниц Страница 18 / 24
Hottek HT-969-1002 [18/24] Қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар
KAZ
18
Осы құрал дене мүшелерінің, жүйке немесе психикалық кемістіктері бар
немесе жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың (балаларды
қоса алғанда) пайдалануына арналмаған. Аталған құралды осындай
кемістіктері бар тұлғалардың оларды тек бақылап отырып немесе
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның оларға тиесілі
нұсқаулықтар беруімен пайдалануларына болады.
Аталған құралмен балалардың ойнауына жол бермеу мақсатында
оларды бақылауда ұстау керек.
Құрал мен оның электр сымын жылу және ылғал көздерінен, өткір
бұрыштардан және т.б. аулақ ұстаңыз.
Электр сымдары мен құралдың зақымданбағанын тұрақты түрде
тексеріп отырыңыз. Қандай да болмасын ақауды байқасаңыз, құралды
пайдалануға болмайды.
Электр желісіне қосатын сымды құралды алып жүретін тұтқа ретінде
пайдалануға болмайды.
Сымның ыстық беттерге тимегенін қадағалаңыз.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Құралды жөндеу және
ақаулы электр сымын ауыстыру үшін қызмет көрсету шеберханасына
апарыңыз.
Аспапты ешбір жағдайда суға немесе қандай да бір өзге сұйықтықтарға
салуға болмайды. Егер қолдарыңыз ылғалды немесе су болса, аспапты
қоспаңыз. Аспапты құрғақ жерде сақтаңыз.
Қозғалтқыш блогын (2) және редукторларды (7, 10) кез келген
сұйықтықтарға салуға, сондай-ақ оларды ағынды судың астында жуып-
шаюға немесе ыдыс-аяқ жуатын машинасына салуға тыйым салынады.
Құрал өндірістік мақсатта емес күнделікті пайдалану үшін жасалған.
Пайдаланар алдында Сіздің тұтынатын электр жүйесінің кернеудің күрт
азаю-көбеюнен сақталғандығына көз жеткізіңіз.
Құралды үйден тыс жерде пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар
Аспаптың үздіксіз жұмыс ұзақтығы саптама-блендермен (1) және
араластырғыштың (10) қолданылуымен 1 минуттан аспауы, және майдалауға
арналған ыдыста (8) өнімдерді өңдеу кезінде 20-30 секундтан аспауы тиіс.
Жұмыс циклдерінің арасында екі минуттан кем емес үзіліс жасаңыз.
Саптама-блендерді (1) қолдану кезінде ыстық өнімдерді суытыңыз,
өнімдердің ең жоғары температурасы 80°С-тан аспауы тиіс.
Жеткізілім жинақтамасына кірмейтін жабдықтарды қолданбаңыз.
Аспапты алғаш рет пайдаланар алдында өнімдермен жанасатын
барлық алынбалы бөлшектерді мұқият жуыңыз.

Содержание

34

Бұл нұсқаулық дене мүшелері мен психикалық кемістіктері бар адамдарға арналған құралды қауіпсіз пайдаланудың маңызды ережелерін қамтиды. Балаларды бақылау, құралды жөндеу және сақтау бойынша кеңестер.