Hottek HT-962-027 [13/16] Аспапты пайдалану

Hottek HT-962-027 [13/16] Аспапты пайдалану
KAZ
13
Аспапты жөндеу үшін түпнұсқалық қосалқы бөлшектер ғана қолданыла алады.
Аспапты бөлмеден тыс пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнайы нұсқаулар
Таразының ішіне судың немесе өзге сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз,
себебі бұл оның сынуына алып келуі мүмкін.
Түпқоймасының ылғалды беті тайғанақ болуы мүмкін – пайдаланар
алдында таразыны құрғақ шүберекпен сүртіп отырыңыз.
Егер таразы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батарея бөлімшесінен
қуат көзі элементтерін шығарыңыз.
Таразыны абайлықпен пайдаланыңыз, себебі ол өлшеу құралы болып
табылады. Оны құлатпаңыз және барынша көп жол берілетін салмақтан
артық жүктемеңіз.
Батареяның қуаты төмен болған жағдайда, дисплей бетінде «LO»
белгісі көрсетіледі. Ескі қуат көзі элементін шығарып, оны жаңасына
ауыстырыңыз.
Таразыны зақымдамау үшін, 7 кг-нан артық заттарды өлшемеңіз.
Егер дисплей бетінде «O-Ld» жазуы пайда болса, бұл шамадан тыс
жүктеуді.
Осы аспап пайдалануға дайын күйінде жеткізілгесін, монтаждауды
талап етпейді.
Осы аспапқа арнайы тасымалдау ережелері қолданылмайды. Аспапты
тасымалдау кезінде түпнұсқалық зауыт орамасын пайдаланыңыз.
Тасымалдау кезінде аспаптың құлауын, соққы мен аспапқа түсетін басқа
да механикалық әсерді, сондай-ақ атмосфералық жауын мен агрессивті
орталардың тікелей әсерін болдырмау керек.
Осы аспаптың сатылуы Кедендік Одақ мүшесі мемлекетінің
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілу тиіс.
Аспаптың бөлшектеріне шолу
1. Шыны платформа өлшеу үшін
2. Сауыттың салмағын тастау мен қосу, өшіру түймешесі «ON/OFF/TARE»
3. Өлшеу бірліктерін таңдау түймешесі «UNIT»
4. Дисплей
Аспапты пайдалану
Ас үй таразысы азық-түлік өнімдері мен дәмдеуіштерді өлшейтіндей
етіп жасалған. Таразыны орнату үшін сәйкес жерді таңдаңыз. Таразыны
орнату үшін құрғақ, тегіс, сырғанақ емес, таразымен жұмыс істеу
ыңғайлы болатын жер сәйкес келеді.

Содержание

Скачать