Hottek HT-959-003 [16/18] Алғаш пайдаланар алдында

Hottek HT-959-003 [16/18] Алғаш пайдаланар алдында
KAZ
16
Алғаш пайдаланар алдында
Құралдың барлық орама материалдарын алып тастаңыз.
Желілік сымды түгелдей жазып тастаңыз.
Аспаптың оқшауландыру құлыбын (6) жоғары қарай тартып, аспапты ашыңыз.
Тілімшелердің күйікке қарсы қабатын ылғалды матамен немесе
ысқышпен сүртіп, содан кейін толық құрғатып сүртіңіз.
Өсімдік майының аз мөлшерін жұмыс беттерінің күйікке қарсы қабатына
жағыңыз және оны бір қалыпты бөліңіз. Жұмыс бетіндегі артық майды
қағаз сүлгімен алып тастаңыз.
Аспапты жауып, оны желіге 5-10 минутқа қосыңыз, осыдан кейін аспап
қолдануға дайын.
Назар аударыңыз! Алғашқы сэндвичтерді азық ретінде пайдалануға болмайды.
Аспапты пайдалану
Аспапты пайдалану алдында аспаптың қыздыру беттерін (5) ылғалды матамен
немесе ысқышпен сүртіп шығыңыз.
Аспапты тегіс көлденең ыстыққа төзімді жерге қойыңыз. Желілік сымды
түгелдей жазып тастаңыз. Желі айырын қорғау жермесімен жабдықталған 220-
240В, 50 Гц кернеу желісінің розеткасына қосыңыз.
Аспап желіге қосылғанда, аспаптың қосылуын көрсететін индикатор (2)
жанады. Қыздыру кезінде сэндвич тостерді жабық күйінде ұстаңыз. Шамамен
3 немесе 4 минуттан кейін дайындық индикаторы (3) жанады. Бұл аспаптың
пісіруге қажетті температураға жеткенін көрсетеді.
Қақпақтың оқшауландыру құлыбын (6) ашып, қақпақ (1) ашық қалпында
тоқталғанша, оны жоғары қарай көтеріңіз. 2 тосттың арасына пісіруге арналған
әрбір қалыпқа (5) салындысы бар бутерброд салыңыз. Қақпақты (1) ақырын
түсіріңіз. Оқшауландыру құлыбын (6) пайдаланып, қақпақты жабыңыз.
Назар аударыңыз! Орнатылған пісіру температурасын сақтау үшін
жұмыс істеу кезінде дайындық индикаторы (3) қосылады және сөнеді.
Пісіру уақыты өз қалауыңызға байланысты. Сэндвичті қуыру деңгейі
пісіру уақытына байланысты болады. Пісіру уақыты неғұрлым ұзақ болса,
сэндвичтің сырты соғұрлым қаралау болады.
Оқшауландыру құлыбын (6) абайлап ашып, қақпақты (1) жоғары қарай
көтеріңіз. Тосттарды ағаш айырмен немесе күрекшемен шығарыңыз.
Әр пісіруден кейін қажеттілік бойынша қыздыру беттерін (5) маймен
немесе маргаринмен сәл жағыңыз. Кейін бұл сэндвичті қыздыру бетінен
оңай алуға көмектеседі.
Назар аударыңыз! Ешбір жағдайда өткір немесе кесетін заттарды
пайдаланбаңыз. Бұл сэндвич тостердің қыздыру беттерінің күйікке қарсы
қабатын зақымдауы мүмкін.

Содержание

Скачать