LG GA-B429SYUZ [41/52] Эко режим

LG GA-E429SQRZ [41/52] Эко режим
KK
15
Температураны реттеу
Тоңазыту жəне мұздату бөлімдерінің
бастапқы температурасы 3 °С жəне -20 °С.
Тиісті бөлім температурасын реттеу түймесін
басу арқылы қалаған температураңызды
орната аласыз.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқышты алғаш орнатқан кезде,
оның ішінде жұмыс температурасының
орнауы үшін 2-3 сағат қосылып тұрсын,
содан кейін ғана ішіне азық-түлік салыңыз.
Дисплейде көрсетілетін температура
мақсатты температура болып табыла-
ды, себебі тоңазытқыш ішіндегі
температура салынған азық-түліктің
температурасы мен ашып-жабу жиілігі
сияқты факторларға байланысты
өзгеріп отырады.
Тоңазытқышты қосқаннан кейін ол
белгіленген режимге 2-3 күннен кейін
орнайды.
Толық жабылмаған есік
туралы ескерту сигналы
«ДЫБ.СИГНАЛ»
Егер тоңазытқыштың есігі біршама уақыт
(~ 1 мин) ашық тұрса, 30 секунд сайын
қайталатын дыбыстық белгі іске
қосылады.
Толық жабылмаған есік туралы дыбыстық
сигналды "ДЫБ.СИГНАЛ" түймесін қысқа
уақытқа басу арқылы қосып, өшіруге
болады.
ЕСКЕРТПЕ
Есік толық жабылғаннан кейін де ескерту
сигналы шығып тұратын болса, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жылдам мұздату
Азық-түлікті тез арада мұздату қажет
болған жағдайда қолданылады.
«ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ/ЭКО-РЕЖИМ»
(басқару панелін 2-түрі) түймесін немесе
«ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ» (басқару панелін
1-түрі) түймесін бір рет басыңыз.
Функция түймені əрбір басқан сайын
қосылады жəне өшіріледі.
Жылдам мұздату функциясы белгілі бір
мерзім өткен соң автоматты түрде тоқтайды.
«ЭКО-РЕЖИМ»
Сіз ұзақ сапарға кеткен жағдайда электр
қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретін режимді
іске қосады. Ол электр қуатын тұтыну
көрсеткішін азайтады.
«ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ/ЭКО-РЕЖИМ»
(басқару панелін 2-түрі) түймесін екі рет
немесе «ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ» (басқару
панелін 1-түрі) түймесін бір рет басыңыз.
«ЭКО-РЕЖИМ» шамы жанады.
Бұл түймені қайта басатын болсаңыз
функция өшеді.
ҚҰЛЫПТАП ТАСТАУ «БЛОКИРОВКА»
«ҚҰЛЫПТАП ТАСТАУ» түймесі қосылып
тұрғанда басқа түймешіктер істемейді.
Тоңазытқыштың дисплейін бұғаттау/бұғаттан
шығару, «ҚҰЛЫПТАП ТАСТАУ»
түймесін басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз.

Содержание

Скачать