Polaris PMG 3047 [28/36] Қондырмаларды пайдалану

Polaris PMG 3047 [28/36] Қондырмаларды пайдалану
28
Кептірілген жемістер мен өсімдік өнімдердің тамыр сабақтарын алдын ала суға жібіту қажет.
Жұмыс барысында ет тартқыш құрылғының корпусындағы ауа алмасатын
желдеткіш саңылауларын жаппаңыз және құрылғыны жұмсақ қабатқа, яғни
қағаздан не матадан немесе өзге де заттардан жасалған төсемнің үстіне
орналастыруға тыйым салынады, бұл мотордың қызып кетуіне алып келуі мүмкін.
9. Ет тартқыш құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, оның қуатты ажыратып қосатын желілі
тетігін (13) мына «0» белгісі бар қалпына бұрап орнатыңыз да, құрылғыны сөндіріңіз.
Назар аударыңыздар!
Ет тартқыш құрылғының үздіксіз жұмыс жасау уақытысы 3 минуттан аспауы қажет. Жұмыс
барысында ет тартып өндеген кезінде әрбір 3 минуттан кейін, құрылғыны келесі қолданар
алдында электр қозғалтқышты суыту үшін 10 минутқа үзіліс жасап, күте тұру қажет.
Назар аударыңыздар!
Егер ет тартқыш құрылғы жұмыс жасамаса, оның электр желілік баусымы электрлік қоректену
желіге жақсылап, дұрыс жалғасып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Егер ет тартқыш құрылғының ішінде ет тұрып қалса, бітеліп қалған қалдықтарды алып
тастау/ Реверс функциясы
1. Егер жұмыс барысында ет тартқыш құрылғының ішінде ет тұрып қалса, құрылғыны тез арада
сөндіріңіз, бірақ оның электр желілік баусымын электрлік қоректену желісінен ажыратпай,
қуатты ажыратып қосатын желілі тетігін (13) мына «2» қалпына бұрап орнатыңыз да, содан
«РЕВЕРС» («REV») батырмасына (11) басу арқылы кері жұріс деген (ет не өзге тағамдық
өнімді кері шығару) функциясын қосыңыз.
Назар аударыңыздар!
Құрылғының ет не өзге тағамдық өнімді керу шығару функциясын қоспас бұрын оның
қозғалтқыштың (мотордың) жұмыс қимылы толық тоқтатылғанша күте тұрыңыз.
Құрылғының жұмысы барысында РЕВЕРС функциясын қосу қатты шудың шығуына,
дірілдің пайда болуына және құралдың ішінде электрлік ұшқындардың орын алуына
алып келуі мүмкін.
2. Реверс функциясы іске қосылған соң, бұранда иірмек (шнек) кері бағытта айнала бастайды, ол
бұл арқылы ет тартқыштың жұмысын қиындататын сіңірлерден тазартылып, кері бағытта
айналады. Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастаған соң, яғни тұрып қалған еттен арылу
жұмысы аяқталғаннан кейін, етті тартып, өткізу үдерісін жалғастыруға болады.
3. Егер бұл функция көмектеспейтін болса, ет тартқыш құрылғының электр желілік баусымын
электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз, содан кейін оның жұмысшы блогын бөлшектеңіз
де, оны қолмен тазартыңыз.
Назар аударыңыздар!
Еттің бітеліп тұрып қалуын болдырмау үшін ет тартқыш құрылғының жұмысшы бөлігін
тағамдық өніммен асыра толтыруға мүлдем болмайды.
4. Құрылғы механизмінің қажалуын болдырмау үшін итеру құрылғысына шамадам көп күш
салмаңыз.
Қондырмаларды пайдалану
Кеббе қондырмасын пайдаланып, кеббе тағамды әзірлеу
Кеббе қуырылған ет шұжықтары, бұл араб елінің дәстүрлі тағамы болып саналады, бұл тағамды
әзірлеу үшін етті еттарқыштан өткізіп алыңыз, содан кейін ет тартқыш құрылғыға арнайы
қондырмаларды орнатып, тартылған етті тағы да еттартқыш құрылғыға салып өткізіңіз, іші бос түтік
тәрізді шұжықтай домалақ ет қабықшасы шығады, олардың ішіне дайындалған ет салындысын салып,
шужықтарды жасап алыңыз да, куырыңыз.

Похожие устройства

Скачать