Polaris PWK 1038C Белый/Бежевый [21/25] Тазарту және күту

21
4. «ҚОСУ/ӨШІРУ (І/О)» ауыстырып-қосқышы
5. Шәйнектің тұтқасы
6. Индикатор шамы
7. Сыртқы беті
8. Су деңгейінің шкаласы
9. Түпқояр
Жинақталуы
1.Құрал
2.Түпқояр
3. Алынбалы сүзгі
4. Пайдаланушының нұсқаулығы
5. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
6. Кепілдік талоны
Жұмысқа дайындау және пайдалану
Шәйнекті алғаш пайдаланар алдында орайтын барлық материалдарды ішінен және
сыртынан алып тастаңыз. Егер бар болса, құралдың сыртқы бетінен барлық
жапсырмаларын алып тастаңыз.
Түпқоярды тегіс бетке орнатыңыз.
Қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз.
Шәйнекке қажетті мөлшерде ішуге жарамды суық су құйыңыз.
Шәйнекті түпқоярға орнатыңыз (6). Ашаны розеткаға жалғастырып, қосыңыз.
Шәйнекті «ҚОСУ/ӨШІРУ (І/О)» ауыстырып-қосқышы арқылы қосыңыз (5). Индикатор
шамы жанады. Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде өшеді. Шәйнекітің
ауыстырып-қосқышы «О» күйіне келеді, индикатор шамы сөнеді.
Шәйнекті түпқоярынан алып, тостағанға су құяр алдында шәйнектің өшірілгеніне көз
жеткізіңіз немесе оны қолмен өшіріңіз.
Ұзартқышты пайдаланған жағдайда оның жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз! Шәйнектегі бөгде иісті кетіру үшін алғаш рет пайдаланар
алдында шәйнектің ішін тазарту үшін екі рет су қайнатып алып, қайнаған суды
төгіңіз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Шәйнектен суды абайлап құйыңыз. Шәйнектің ішінде қайнаған, өте ыстық су бар екенін
есте сақтаңыз.
Бір рет қайнаған суды екінші рет қайнатудың қажеттігі жоқ. 1л судың температурасы
қайнағаннан кейін 5 минут өткен соң 90°С деңгейінде болады бұл кофе дайындау үшін
жеткілікті.
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан) кейін 15-20 секунд өткен соң шәйнекті қайтадан
пайдалануға болады.
Тазарту және күту
Құралды тазарту:
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп, суытыңыз.
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып
тұрған судың астында ұстамаңыз.
Электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
1
2

Содержание

Похожие устройства

Скачать