Polaris PHS 2525K Black [11/22] Осы құралдың қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулар

Polaris PHS 2525K Black [11/22] Осы құралдың қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулар
11
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды өздігіңізден
жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету орталығының білікті маманы
жүзеге асыруы тиіс.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға өткізіңіз.
Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
3. Осы құралдың қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулар
Құрал тек тұрмыста пайдалануға арналған.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз.
Құралды пайдалану барысында оның жұмыс қабаты қатты қызады. Күйіп қалмау үшін бұл қабатқа
қолыңыз бен дененің өзге мүшелерін тигізбеңіз.
Жасанды шашты сәндеу үшін құралды пайдаланбаңыз.
Құралды пайдалану барысында шаштың қалпын қатайтатын лак пен шашты бұйралауға арналған
құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Құралды пайдалану барысында шаш құрғақ болуы тиіс.
Құралды сақтаудың алдында оның сууын күтіңіз.
4. Құралдың пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тек тұрмыста қолдануға арналған. Құралды өнеркәсіптік және
коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ, құралды бөлмежайдан тыс жерде
қолданбаңыз.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал
үшін жауапты емес.
5. Құралдың сипаттамасы
Құралдың мақсаты –табиғи шашты қыздыру тәсілімен бұйралау.
D
E
F
A
C
B

Содержание

Похожие устройства

Скачать