CHAIRMAN 653V/Черный [3/3] Страница 3
![CHAIRMAN 653V/Черный [3/3] Страница 3](/views2/1451907/page3/bg3.png)
Креслоны пайдалану және сақтау шарттары
1. Креслоның қаптауын материал: жұмыс және беткi бөлiктер - заттай терi, бүйiр және арқалар - терi
алмастырғыш.
2. Кеңселік креслоны өзіңіз құрастыратын болсаңыз, құрастыру жөніндегі нұсқаулықты мұқият
қараңыз. Креслоны құрастыру кезінде құрылымдары мен бекіту элементтерінің беріктігін тексеріңіз.
Кресло жылдың суық мезгілінде әкелінсе, креслоны құрастыру мен пайдалануды ол бөлме
температурасында бір тәулік тұрғаннан кейін бастаңыз.
3. Кресло тек қана бір адамға арналған. Креслоға түсетін максималды рұқсат етілген жүктемені
асырмаңыз және шынтақшаларына қарқынды жүктеме түсірмеңіз.
4. Кресло ауа температурасы +10ᵒС төмен емес және +40ᵒС аспайтын, салыстырмалы ылғалдылығы
65-85% жағдайда, жылыту және желдету жүзеге асырылатын құрғақ және жылы жағдайларда
сақталуы және қолданылуы керек. Көрсетілген режимдерден айтарлықтай ауытқу оның
тұтынушылық қасиеттерінің күрт нашарлауына әкеп соқтырады. Жылыту аспаптары мен басқа жылу
көздеріне бір метрден жақын жерде, сондай-ақ тікелей күн сәулелерінің астында орналасуы тез
ескіруі мен беткі қабатының зақымдалуын тудырады.
5. Дөңбектенуін болдырмау үшін креслоның беткі қабатын ылғалдан қорғаған жөн; бетіне су мен лак-
бояу үлдірлерін ерітетін сұйықтықтардың (спирт, ацетон, бензин және басқ.) тиюіне жол беруге
болмайды.
6. Құрылымдық элементтерін қатты заттар, абразивті ұнтақтардың әсерінен, сондай-ақ шамадан тыс
дене жүктемесінен туындауы мүмкін механикалық зақымдаулардан қорғаңыз.
7. Беткі қабатының ыстық заттармен және қайнаған ыстық сумен жанасуына жол беруге болмайды.
Мұндай пайдалану беткі қабатының дөңбектенуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Күтімнің жалпы
шарттарынан басқа, пластикке арналған тегістегіштерді қолдануға болады. Бұл ретте тегістеу (өңдеу)
үшін кері көрсетімдері бар тегістегіштерді (өзге тұрмыстық химия өнімдерін) пайдалануға болмайды.
8. Креслоға күтім жасауды тек қана сапалы, осы мақсаттарға арналған тазартқыш және тегістегіш
құралдардың қолданылуымен, қоса берілетін қолдану тәсілі мен аймағы (беткі қабаттар,
материалдар)туралы өндірушілердің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырған жөн. Шаң таза, құрғақ
және жұмсақ шүберекпен (фланель, шұға, мақпал және т.б.) сүртіледі. Кез келген бөлігін ол
ластанғаннан кейін барынша жылдам тазартуға кеңес беріледі. Ластануды біраз уақытқа
қалдырсаңыз, айғыз іздер, дақтардың түзілу, бұйымдар мен олардың бөліктерінің зақымдалу қаупі
айтарлықтай артады.
9. Жалпы шарттардан басқа, тазарту үшін пайдаланар алдында суланып, жақсылап сығылған жұмсақ
шүберек немесе күдеріні пайдалануға кеңес беріледі. Тазарту аяқталғаннан кейін әр жолы суланған
бөліктерін мұқият кептіріңіз (құрғақ шүберекпен сүртіңіз). Шаңсорғышпен жүйелі түрде құрғақ
тазарту жақсы балама болып табылады.
10. Креслоны пайдалану барысында оның барлық элементтерінің сенімді бекітілуін сақтау үшін әр 5
ай сайын (немесе қажеттілік бойынша одан жиірек) бұрандаларын бекітіп бұрап отыруға кеңес
беріледі.
11. Дайындаушы-фирма өзгертулер жайлы қосымша хабарландырусыз, креслолардың үлгілерін
жаңартуға байланысты кеңселік креслоның жинақталымын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
12. Ресейде жасалған.
Өндіруші: "КФТ" ЖШҚ, 142450, ысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ.,Мәскеу обл
Дорожная көш., 3 үй, лит. Ф, 18 кеңсе.
Дистрибьютор: «ТАЙПИТ-МК» ЖШҚ, 107497, Мәскеу қ., Иркутская көш., 11 үй, 1 корп., 424а кеңсе.
Сәйкестік декларациясының нөмірі: ЕАЭС N RU Д-RU.АГ16.В.00360.
Пайдалану мерзімі 36 ай
Кепілдік мерзімі 24 ай.
KAZ
Содержание
Похожие устройства
- Kyocera P5026cdw Руководство пользователя
- CHAIRMAN 840 Черный Инструкция по эксплуатации
- Panasonic KV-S1028Y Инструкция по эксплуатации
- Panasonic DC-GH5S Black Инструкция по эксплуатации
- Panasonic RP-HTX80BGC Черный Инструкция по эксплуатации
- Panasonic DC-GX9KEE-K Black Инструкция по эксплуатации
- Panasonic DC-GX9KEE-S Инструкция по эксплуатации
- Panasonic DC-GX9EE-K Инструкция по эксплуатации
- Philips 65OLED973 на базе ОС Android 65 дюймов Инструкция по эксплуатации
- Philips 43PFS4062 43 дюйма Инструкция по эксплуатации
- Philips 50PUS6503 50 дюймов Инструкция по эксплуатации
- Benq W1050 Белый Инструкция по эксплуатации
- Epson EH-TW610 Инструкция по эксплуатации
- Epson EH-LS100 Инструкция по эксплуатации
- Benq W1700 Инструкция по эксплуатации
- Epson EH-TW5600 Инструкция по эксплуатации
- Benq W1350 Белый Инструкция по эксплуатации
- Nec NP-ME301W Инструкция по эксплуатации
- Nec 60004230 Белый, серый Инструкция по эксплуатации
- Acer MR.JPX11.001 Белый Инструкция по эксплуатации