Redmond SkyCooker M224S [31/36] Iv қосымша аксессуарлар

Redmond SkyCooker M224S [31/36] Iv қосымша аксессуарлар
SkyCooker RMC-M224S
31
KAZ
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайда-
лануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе
асқа тиетін заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға
болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымдан-
са немесе майысса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұйым корпусын ластанған сайын тазалауға болады. Таба, ішкі қақпақ және шешілмелі
бу клапанын аспапты пайдаланған сайын тазалау керек. Муільтипісіргіште ас әзірлену
барысында қалыптасатын конденсатты құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз. Жұмыс
камераның ішкі беттерін қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым копусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен тазалаңыз. Жұмсақ
тазалау құралын қолдануға болады. Корпуста аққан су іздері мен айғыздарды болдырмау
үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табаны тазалау
Табақты жұмсақ сіңіргіш пен ыдыс жуу құралын қолдана отырып, қолмен, сондай-ақ ыдыс
жуғыш мәшинеде тазаруға болады (оның өндірушісінің кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлеген жағдайда табаққа жылу су құйып, оны біраз шылап қойыңыз, одан кейін
тазартыңыз. Анағұрлым оңтайлы шылау үшін суық суға толы табақты (ең жоғарғы рұқсат
етілген деңгейден аспайтын) мультипісіргішке орнатып, қақпағын жауып, қыздыруды 30-40
минутқа қосуға болады. Табақтың сыртқы бетін оны мультипісіргіш корпусына орнатпас
бұрын құрғатып сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Алынбалы бу клапанын тазарту
1. Бу клапанын абайлап жоғары өзіңе қарай тартыңыз.
2. Ішкі қаптаманы сағат тіліне қарсы тірелгенше бұрап, оны шешіңіз.
3.
Қажет кезде абайлап клапан резеңкесін алып тастаңыз. Клапанның барлық бөліктерін
жуыңыз.
4. Құрастыруды кері тәртіпте жүргізіңіз: резеңкені орнына орнатып, клапанның негізгі
бөліктерініңт ойықтарын ішкі қаптамадағы сәйкес шықпалармен сәйкестендіріңіз
және сағат тілі бойынша бұраңыз. Бу клапанын аспап қақпағындағы ұяшыққа тығыз
орнатыңыз.
Конденсатты жою
Аспап корпусында орналасқан конденсатқа арналған контейнерді мультипісіргішті әр
пайдаланған сайын тазарту қажет. Контейнердің бүйірінен ұстап, оны ақырын өзіңізге
қарай тартып, шешіп алыңыз. Конденсатты төгіңіз; контейнерді жуып, орнына орналасты-
рыңыз. Конденсаттың артығы кейде аспап корпусындағы табақтың корпусындағы табақ
айналасындағы арнайы шұңқырда жиналуы мүмкін. Оны кетіру үшін ас үй майлықтарын
немесе сүлгіні қолданыңыз.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың
аспаптың жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате
жұмысынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін жұмыс камерасының беттерін таза-
лау керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр желісінен
ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық тер-
моқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен
немесе майлықпен тазалауға болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірле-
генде керексіз иісті болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға
қабығына баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз. Қыздыру дискісінің беті кірлегенде
ылғал орташа қатты губканы немесе синтетикалық ыскерамикалықты пайдалануға бо-
лады.
Аспапты үнемі пайдаланғанда қыздыру дискісінің түсі уақыт өте келе толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі құрылғы ақауының белгісі болып табылмайды
және оның дұрыс жұмысына әсер етпейді.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. ҚОСЫМША АКСЕССУАРЛАР
RMC-M224S мультиваркасына қосымша аксессуарлар сатып алып, REDMOND өнімдерінің
жаңалықтары туралы www.redmond.company сайтынан немесе ресми дилерлер дүкенінен
білуге болады.
RAM-CL1 Тостағанға арналған қысқыштар
Мультиваркадан тостағанды ыңғайлы алу үшін арналған. Басқа брендтердің мультиварка-
ларымен қолданылуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства