Zanussi ZWQ5121 [10/44] Www zanussi com

Zanussi ZWQ5121 [10/44] Www zanussi com
қызмет көрсету орталығына хабарласпас
бұрын төмендегі тарауларды қараңыз.
Ақаулық Себептері
Құрылғы іске қосылмай
тұр немесе оған су
құйылмайды:
құрылғы розеткаға дұрыс қосылған жоқ, электр қосылымы жұмыс
істемей тұр, электр қуаты жоқ,
құрылғының қақпағы жəне барабанның ысырмалары мықтап
жабылмаған,
бағдарламаны бастау пəрмені дұрыс таңдалмаған,
сумен жабдықтау құбыры бекітілген, су келетін шүмек жабық,
су құятын сүзгілер ластанған (“Тазалау менен күтім көрсетутарауын
қараңыз).
Құрылғыға су құйылады,
бірақ дереу ағып кетеді:
су төгетін түтіктің U-тетігі тым төмен орналасқан ("Орнату" тарауын
қараңыз).
Құрылғы шаю циклын
бастамайды немесе
оның суы төгілмейді:
су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған,
су төгетін сүзгі ластанған ("Күту менен тазалау" тарауын қараңыз),
теңгерімсіздік детекторы іске қосылған: жуылатын кір барабанға
біркелкі салынбаған,
•"Төгу" бағдарламасы немесе "Түнгі цикл" немесе "Шаюды кідірту"
параметрі таңдалған,
су төгуге арналған U-тетігінің биіктігі дұрыс емес.
Құрылғы айналдыру
циклын орындамайды:
кір теңгеріміне байланысты мəселе орын алды: көбірек кір қосып
немесе барабандағы кірлерді таратып салыңыз.
Құрылғының айнласына
су аққанын көрсеңіз:
жуғыш зат тым көп салынғандықтан, көбік сыртқа төгілген,
жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
су төгуге арналған U-тетігі дұрыс орнатылмаған,
су келетін түтіктен су жылыстап жатыр.
Жуу нəтижелері
қанағаттанарлық емес:
жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
барабанға тым көп кір салынған,
жарамайтын жуу циклі таңдалған,
жуғыш зат жеткіліксіз салынған.
Құрылғы дірілдейді,
шуыл шығарады:
құрылғыдан орам материалдарының барлығы алынбаған ("Орнату"
тарауын қараңыз),
құрылғының деңгейі дұрыс емес əрі орнықсыз ("Орнату" тарауын
қараңыз),
құрылғы қабырға немесе жиһазға тым жақын орнатылған,
жуылатын кір барабанға біркелкі салынбаған, салынған кір тым аз,
құрылғы біраз уақыт ғана жұмыс жасауда, шуыл уақыт өте келе
жойылады.
10
www.zanussi.com

Содержание