Samsung WW90M64LOPO [181/208] Параметрлер

Samsung WW90M64LOPO [181/208] Параметрлер
Қазақша 41
Операциялар
Параметрлер
Бала құлпы
Балалардың немесе нәрестелердің кір
жуатын машинаны байқаусызда іске қосуына
немесе орнатуына жол бермеу үшін "Бала
құлпы" функциясы Қуат түймесінен басқа
барлық түймелерді құлыптайды.
"Бала құлпы" функциясын іске қосу
- және + (Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)
опциясы) бір уақытта 3 секунд басыңыз.
Одан кейін, іске қосу үшін Бастау/Кідірту
(Бастау үшін ұстап тұру) түймесін
басып тұрыңыз. Есік құлыпталады және
"Бала құлпы" көрсеткіші қосылады.
"Бала құлпы" функциясын уақытша
ажырату үшін
"Бала құлпы" функциясын 1 минутқа уақытша
ажырата аласыз. Есіктің құлпы 1 минутқа
ашылады және "Бала құлпы" көрсеткіші
жыпылықтайды.
- және + (Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)
опциясы) бір уақытта 3 секунд басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Егер "Бала құлпы" функциясын
ажыратқаннан кейін есікті 1 немесе одан
көп минутқа ашсаңыз, дабыл дыбысы 2
минутқа дейін шығады.
Егер есікті 2 минут ішінде жапсаңыз,
есік құлыпталады және "Бала құлпы"
функциясы қайта қосылады. Егер
есікті жаппасаңыз немесе есік дұрыс
жабылмаса, дабыл 2 минуттай шығып
тұрады.
"Бала құлпы" функциясын ажыратқаннан
кейін кір киім қосу үшін алдымен "Бала
құлпы" функциясын ажыратыңыз немесе
кір жуатын машинаны қайта іске қосыңыз.
"Бала құлпы" функциясын болдырмау
үшін
Ажырату үшін - және + ( Отсрочка
(Кешіктіріп аяқтау) опциясы) түймесін
бір уақытта 3 секунд басыңыз, одан кейін
"Бала құлпы" функциясын болдырмау
үшін түймелерді қайтадан 3 секундтай
басып тұрыңыз. Есік құлпы ашылады
және "Бала құлпы" көрсеткіші өшеді.
Дыбысты қосу/өшіру
Кір жуатын машинаның дыбысын қосуға
немесе өшіруге болады. Бұл функция
Өшірулі күйіне орнатылған кезде, AddWash
дабылы, циклдің аяқталу әуені және қуатты
өшірілу дыбысы шықпайды. Дегенмен, басқа
дыбыстар белсенді болады.
Дыбысты өшіру үшін Опции (Опциялар)
түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз.
Дыбысты қосу үшін 3 секундтай басып
тұрыңыз.
Параметрлеріңіз кір жуатын машинаны
қайта іске қосқаннан кейін де сақталады.
WW90M64LOPA_DC68-03863J-01_KK.indd 41 2018/3/17 13:50:01

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения