Redmond SkyBaker RMB-M659/3S [29/40] Сақтану шаралары

Redmond SkyBaker RMB-M659/3S [29/40] Сақтану шаралары
SkyBaker RMB-M659/3S
29
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз.
Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп,абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамаудан
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзір-
леуге арналған көпфункционалды құрылғы бо-
лып табылады және пәтерлерде, қала сыртын-
дағы үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, дүкендер,
офистердің тұрмыстық бөлмелерінде немесе
өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдай-
ларында қолданыла алады. Құрылғыны өнер-
кәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану
бұйымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу
болып саналады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал
салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық сипат-
тамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш
қолданыңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа
тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, бұл электр қауіпсіздігінің міндетті та-
лабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның жерлен-
дірілетініне көз жеткізіңіз.
Жұмыс кезінде құралдың металл бөлшектері қызады.
Құрал электр желісіне қосулы кезде қол тигізбеңіз.
Өнімді салмай құралды қоспаңыз. Қызып тұрған
құралдың ішкі беттеріне ешуақыт қол тигізбеңіз.
Азық-түліктер күйіп кетуі мүмкін, сол себепті
құралдарды жақын қолданбауға немесе тез тұта-
натын материалдарды қолдануға болмайды,
мысалы, перделер.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения